
Камзаев Жаслан Нухиденович
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Камзаев Жаслан Нухиденович 1982 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін тәмамдап, бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі мамандығын алған. 2011 жылы Атырау мұнай және газ институтын радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірген. 2025 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде құқықтану мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2005 жылы ішкі істер органдарында қызметші болып бастаған.
2009–2011 жылдары «Каспиймұнайгаз» ЖШС-де техник, инженер болып қызмет атқарған.
2012 жылы мемлекеттік қызметке қабылданып, облыс әкімі аппаратында еңбек етті. 2014–2023 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2025 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің энергетика және байланыс секторының меңгерушісі лауазымында қызмет етті.



