Махуов Тілек Алдабергенұлы

    Атырау қаласы әкімінің орынбасары

    Махуов Тілек Алдабергенұлы
    Заместитель акима

    Махуов Тілек Алдабергенұлы

    Атырау қаласы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Тілек Махуов 1977 жылы Атырау облысында туған.

    1999 жылы Атырау мұнай-газ университетін аяқтап, инженер-механик мамандығын, 2008 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын бітіріп, құрылыс инженері мамандықтарын алған.

    Еңбек жолын 1999 жылы теміржол саласында бастаған.

    2003 жылдан мемлекеттік қызметте.

    2003-2008 жылдары қалалық сәулет және қалақұрылысы бөлімінде бас маман, «Бас жоспар орталығы» КМК бөлім басшысы, 2009-2010 жылдары «ТМ Проектстрой» ЖШС бас инженер, 2011-2012 жылдары ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің күрделі жөндеу басқармасының бас сарапшысы, 2014 жылы Жылой ауданы құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің басшысы, 2014-2017 жылдары Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында қызметте болған. Тағайындалғанға дейін Астана қаласында «БатысҚұрылысИнвест» ЖШС атқарушы директор қызметінде жұмыс жасаған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері