
Қуанышкереев Асан Қуанышкерейұлы
Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Қуанышкереев Асан Қуанышкерейұлы 1994 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2015 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетін тәмамдап, информатика мамандығын алған. 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, аудармашы мамандығын меңгерген. 2026 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін аяқтап, экономика және бизнес мамандығы бойынша білім алған
Еңбек жолын 2018 жылы Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастаған. Сол жылы мемлекеттік қызметке қабылданып, Атырау қалалық мәслихаты аппаратында ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болды.
2018–2020 жылдары Атырау қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде бас маман лауазымында еңбек етті.
Тағайындалғанға дейін, 2024 жылдан бастап Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.




