
Хайноллаев Ержан Нұғманұлы
Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ержан Нұғманұлы Хайноллаев 1992 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2016 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін тәмамдап, техника және технологиялар саласы бойынша бакалавр дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2012 жылы «Ақбастау М.Н.Б.» ЖШС-де құрылысшы болып бастаған. 2016-2018 жылдары аталған мекемеде учаске бастығы қызметін атқарды.
2018-2020 жылдары «Атырау қаласының Бас жоспар орталығы» мекемесінде маман болып жұмыс істеді.
2020 жылдан бастап мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп келеді. 2020-2023 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бас маман қызметін атқарды. 2023 жылы Жылыой ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы лауазымында қызмет етті.
2023-2024 жылдары «Elorda Residence» ЖШС-де тұрғын үй-коммуналдық құрылысы жобасының басшысы болды.
2024 жылдан бастап осы тағайындауға дейін Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.




