Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

    Агенттік туралы

    Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның құзырына жатқызылған экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" бұйрығының жобасы

    Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН: «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26924 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Өзгерістер Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат беру қағидаларына 7-қосымшаға орыс тіліндегі нұсқасына енгізіледі, қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 14 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26925 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Өзгерістер Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұлттық бағалау жүргізу қағидаларына 2, 8, 10 және 11-қосымшаларға орыс тіліндегі нұсқасына енгізіледі, қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын. «Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: Өзгерістер Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларына қосымшаның орыс тіліндегі нұсқасына енгізіледі, қазақ тіліндегі нұсқасы өзгеріссіз қалдырылсын. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарына жүктелсін. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады. Лауазымы Аты-жөні

    24 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    "Атамекен" ҰКП басшылығымен және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен кездесу

    2021 жылғы 16 маусымда Қаржылық мониторинг агенттігі "Атамекен" ҰКП басшылығымен және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілмен бизнес саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кездесу өткізетін болады. Кездесу қорытындысы бойынша Ынтымақтастық туралы келісімге және Көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету жөніндегі 2021 жылға арналған бірлескен шаралардың Жол картасына қол қою жоспарланған.

    16 маусым 2021 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің Германия Федералдық криминалдық полиция ведомствосының қызметкерлерімен кездесуі

    2021 жылдың 4 маусымында Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің Германияның қылмыстық полициясы Федералды бөлімінің қызметкерлерімен кездесуі өтеді. Кездесу аясында Германияның криминалдық полициясының жаңадан тағайындалған байланыс офицері Дитмар Эрфурт таныстырылатын болады.

    4 маусым 2021 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    ҚМА кадр резервіне үміткерлерді іріктеу бойынша құжаттарды тапсыру үшін қайда және қандай нөмірлер бойынша жүгіну қажет?

    Жауап

    Құжаттарды тапсыру үшін 15 маусымнан бастап сауалнамаға сілтеме қол жетімді болады, оны толтыру қажет. Сол сауалнамада құжаттар тізімі және оларды жүктеу мүмкіндігі қарастырылған. Кеңес алу үшін кадр қызметіне мына нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 7172 32 24 71.

    ·
    Сұрақ

    Қаржылық мониторингі субъектілерінің қызметтерінің басталғаны/тоқтатылғаны туралы хабарламаны ұсыну мерзімдері қандай?

    Жауап

    Рұқсатты жеке немесе заңды тұлғалар алуы тиіс және ол күшінде болуы тиіс, ал хабарламаны жеке немесе заңды тұлға қызметті немесе іс-қимылды (операцияны) жүзеге асыруды бастағанға дейін жолдауы тиіс, оларға қатысты осы Заңда рұқсат етілетін немесе хабарлау тәртібі белгіленген. Қызметті немесе іс-қимылды (операцияны) рұқсатсыз немесе хабарлаусыз жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалар оларға қатысты ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңына сәйкес рұқсат етілетін немесе хабарлау тәртібі енгізілгенге дейін қызметті немесе іс-қимылды (операцияны) жүзеге асыруды жалғастыру үшін оларға қатысты ҚР «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Заңымен рұқсат етілетін немесе хабарлау тәртібі енгізіледі, тиісті рұқсат алуға немесе тиісті хабарлама жолдауға міндетті.

    ·
    Жоба

    «Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫ «Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізутуралы БҰЙЫРАМЫН: «Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы»; кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 8-тармағына, 12-1 бабының 5-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса берілген Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу қағидалары бекітілсін.»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін оған қаражат төлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Терроризмді, есірткі бизнесін, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қаржылық мониторинг департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Төраға Ж. Элиманов Бұйрыққа қосымша Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығымен бекітілген Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Осы Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 8-тармағының екінші бөлігіне және 12-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілерінің (бұдан әрі – ҚМС) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – ТҚ тізбесі) немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) енгізілген жеке тұлғаға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу тәртібін айқындайды, сондай-ақ ТҚ және ЖҚҚТҚ тізбелеріне енгізілген адамдарға қаражат төлеу кезіндегі талаптарды белгілейді. Заңның 12-бабының 8-тармағында және 12-1 бабының 5-тармағында көзделген қаражатты алуға және Заңның 13-бабының 1-1-тармағына сәйкес бұғаттау бойынша шаралар қолданылмайтын операцияларды жүргізуге Заңның 12-бабының 4-тармағының 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында және 12-1-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлғалар өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін құқылы. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе олардың бірінің кәмелетке толмаған балалары (оның ішінде асырап алынған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы), асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы; 2) ТҚ тізбесі – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жасайтын және өзінің интернет-ресурсында орналастыратын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімі; 3) ЖҚҚТҚ тізбесі – уәкілетті орган жасайтын және өзінің интернет-ресурсында орналастыратын жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімі; 4) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті тоқтатып қою – заңды және жеке тұлғалар ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті берілуін, қайта өзгертілуін, иеліктен шығарылуын немесе орнын ауыстыруын тоқтата тұру бойынша қабылдайтын шаралар. Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге анықтамалар мен терминдер Заңға сәйкес қолданылады. 2-тарау. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген адамдарға қаражат төлеу тәртібі Заңның 12-бабының 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында және 12-1-бабының 5-тармағында көзделген негіздер бойынша ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында: 1) күнтізбелік ай ішінде әрбір отбасы мүшесіне есептегенде республикалық бюджет туралы заңға сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын мөлшерде еңбек демалысына ақы төлеу немесе жалақы түрінде алынған; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, қызметтік іссапарларға арналған шығыстар, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде алынған ақшамен немесе өзге де мүлікпен; 3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырумен, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен байланысты операцияларды жүзеге асыруы үшін ҚМС-ке жүгінуге құқылы. ҚМС ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға еңбек демалысына ақы төлеу немесе жалақы түрінде алынған ақшаны төлеу үшін жұмыс орнынан жалақы мөлшері туралы анықтаманы және (немесе) демалыс үшін ақы төленгенін, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төленгенін растайтын құжатты сұратады. ҚМС ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелеріне еңбек демалысына ақы төлеу және жалақы түрінде алынған ақшаны төлеу үшін мынадай құжаттарды сұратады: 1) отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәлік; 2) неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы немесе жұбайына (зайыбына) азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама; 3) еңбекке қабілетті кәмелетке толған әрбір отбасы мүшесінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама. ҚМС ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдарға жалақы, еңбек демалысына ақы төлеу түрінде алынған ақшаны төлеу және (немесе) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеу бойынша операцияларды Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын қағидалар бойынша қаржылық мониторингке жататын операциялар ретінде мойындайды және мұндай операция туралы ол жүргізілгенге дейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде уәкілетті органға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен дереу хабарлайды. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарламаны алғаннан кейін оны алған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде операцияны жүргізу не операцияны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен ҚМС-ке жеткізеді. Операцияны жүргізуден бас тартуға негіз күнтізбелік ай ішінде Заңның 12-бабының 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген ақшаны қайтадан алу болып табылады. Егер шешім қабылдау мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, шешім қабылдау мерзімінің аяқталу күні болып одан кейінгі таяудағы жұмыс күні есептеледі. ҚМС осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаражатты ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның операцияны жүргізу туралы шешімін алғаннан кейін төлейді. Осы Қағидалардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақшамен немесе өзге де мүлікпен операцияларды және Заңның13-бабының 1-1-тармағының жетінші бөлігіне сәйкес тоқтатып қою бойынша шаралар қолданылмайтын операцияларды жүргізу туралы шешімді ҚМС дербес қабылдайды. 3-тарау. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген адамдардың ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың күшін ішінара немесе толық жою туралы өтінішін қарау қағидалары Заңның 12-бабының 4-тармағының 7) тармақшасына және 12-1-бабының 5-тармағына сәйкес ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адам уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың күшін ішінара немесе толық жою туралы жазбаша уәжді өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып жүгінуге құқылы. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) ақша шешіп алу үшін пайдаланылатын банктік шоттың (деректеменің) болуын куәландыратын құжаттың көшірмесі. ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамның дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелеріне ақша төлеу үшін мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәліктің көшірмесі; 2) неке қию туралы куәліктің көшірмесі немесе жұбайына (зайыбына) азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама; 3) еңбекке қабілетті кәмелетке толған әрбір отбасы мүшесінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама. ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың операцияларды тоқтатып қою бойынша шараларды қабылдағанға дейін туындаған қаржылық міндеттемелер немесе азаматтық, әкімшілік не қылмыстық актілерге сәйкес атқарушылық құжаттар бойынша ақшаны немесе өзге де активтерді төлеуі үшін: 1) қаржылық міндеттемелердің, оның ішінде кредиттердің, бөліп төлеудің, валюталық және басқа да шарттардың болуын куәландыратын құжаттардың көшірмесі; 2) азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық актілерінің көшірмесі беріледі. Уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті комитетіне (бұдан әрі – БҰҰ ҚК) жіберу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – ҚР СІМ) жібереді. ҚР СІМ уәкілетті органнан өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың күшін ішінара немесе толық жою туралы қарау және шешім қабылдау үшін оны БҰҰ ҚК тиісті комитетіне жібереді. Уәкілетті орган ҚР СІМ-нен БҰҰ ҚК Комитетінің өтінішті қанағаттандыру туралы шешімін алып, оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей дереу ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген тұлғаны арыз иесі жүгінген арна (жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйе) арқылы және тиісті ҚМС-ті қабылданған шешім туралы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен хабардар етеді. СІМ-нен БҰҰ ҚК Комитетінің өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі алынған жағдайда уәкілетті орган оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей дереу ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамды қабылданған шешім туралы хабардар етеді. Уәкілетті орган ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамға, егер: 1) өтініштің осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген нысанға сәйкес келмеуі; 2) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну; 3) ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігін анықтау; 4) БҰҰ ҚК Комитетінің өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі; 5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының деректері негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шешімі қанағаттандырудан бас тартуға негіз болған жағдайда өтінішті қанағаттандырудан бас тартылады. 4-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша шараларды қолдануы Уәкілетті орган мемлекеттік органдармен, ҚМС-пен және ақшамен немесе өзге де мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын құзыретті ұйымдармен бірлесіп ұйымды немесе адамды ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізу туралы ақпаратты Террористік қызметке қатысы бар тұлғалардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей мұндай ұйымды немесе мұндай адамды алдын ала хабардар етпей, ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша шараларды дереу қабылдайды. ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың банктік шоттарына оларды ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізу күніне дейін жасалған келісімшарттар мен шарттарға немесе өзге де міндеттемелерге сәйкес түсетін пайыздарды, төлемдерді немесе өзге де кірістерді есептеуге рұқсат етіледі, кейіннен мұндай түсімдерге қатысты тоқтатып қою бойынша шаралар қабылданады. Қазақстан Республикасының аумағында ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдарға ақшалай қаражатты және (немесе) өзге де активтерді тікелей немесе жанама түрде бермейді, сондай-ақ қаржылық және оған ұқсас қызметтер көрсетілмейді не мұндай қызметтерге қолжетімділік берілмейді. Осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарын іске асыру кезінде ақшалай қаражатты, өзге де мүлікті беру алдында, сондай-ақ қаржылық және оған ұқсас қызметтерді көрсету алдында заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жүрген бейрезиденттер операция жасалатын немесе қызмет көрсетілетін адамды осындай адамның көрсетілген тізбелерде болуы тұрғысынан уәкілетті органның интернет-ресурсында және басқа да ресми дереккөздерде орналастырылған ТҚ тізбесімен және ЖҚҚТҚ тізбесімен салыстырып тексеруді жүзеге асырады. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1373 және 2270 қарарларына, сондай-ақ Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) 6 (6.5) және 7 (7.2)-Ұсынымдарына сәйкес заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы бейрезиденттер: 1) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың ақшасын және (немесе) өзге де мүлкін; 2) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың тікелей және (немесе) жанама түрде, толық немесе бірлесіп иеленетін және (немесе) бақылайтын ақшасын және (немесе) өзге де мүлкін; 3) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың қаражатын және басқа да активтерін пайдалану арқылы алынған және (немесе) өндірілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті; 4) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың тапсырмасы бойынша немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін ұйымдар мен адамдардың ақшасын және (немесе) өзге де мүлкін тоқтатып қою бойынша шараларды дереу 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде қабылдайды. Тоқтатып қою шаралары қабылданған шоттарды ақшамен және өзге де активтермен, оның ішінде сыйақылармен немесе өзге де түсімдермен толықтыруға рұқсат етіледі. ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдарға тиесілі ақшаны және өзге де мүлікті тоқтатып қою шараларын қолданудың күшін жою Заңның 12-бабының 5-тармағына және 12-1-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адам ақша және (немесе) өзге де мүлікті беру туралы өтінішпен жүгінген жағдайларда заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы бейрезиденттер уәкілетті органның ресми байланыс арналары арқылы немесе ресми шағымдар мен өтініштерді беруге арналған бірыңғай мемлекеттік электрондық платформасы бойынша хабарлама жіберу арқылы уәкілетті органды дереу 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде хабардар етеді. Осы тармақтың талаптары ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған бірінші кезектегі қажетті тауарлар мен қызметтерді ұсынатын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды. Заңды және жеке тұлғалардың ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамның ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті беру туралы, сондай-ақ ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамның ақшасын және (немесе) өзге де мүлкін беру мен сақтау туралы өтінішпен жүгінуіне қатысты қатысты хабарлау тәртібін уәкілетті орган белгілейді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу қағидаларына қосымша Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасына ____________________________ мекенжайы бойынша тұратын ____________________________ ________________ азаматтан (азаматшадан) ____________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі) Ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың күшін ішінара немесе толық жою туралы өтініш ____________________________________________ тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету немесе күтпеген шығындар үшін қаражат төлеу қағидаларының 9-тармағына сәйкес Сізден ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың күшін толық/ішінара (астын сызу керек) жоюыңызды сұраймын. Ақша алу кезінде (теңгеден) теңге мөлшерінде негізгі шығыстарды жабу мақсаттары – (азық-түлік өнімдеріне, тұрғын үйді жалға алуға немесе ипотекалық кредитке, дәрі-дәрмектер мен медициналық емделуге, салықтарды, сақтандыру жарналарын немесе коммуналдық қызметтерге ақы төлеу (астын сызу керек) немесе тек заңгерлік қызметтер көрсетумен байланысты мамандарға жұмсалатын шығыстарды және келтірілген шығыстарды өтеуді ақылға қонымды шектерде төлеу үшін) ___ мөлшерін теңгеде _______________________________________________________________ (сомасын цифрмен және жазбаша жазу керек) Қағидаларға сәйкес қоса берілетін құжаттардың көшірмелері: 1) __________________________ 2) __________________________ 3) __________________________ (күні) __________ (қолы) ______________

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (Экономикалық тергеп-тексеру қызметі) экономикалық тергеп-тексеру қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізілетінін хабарлайды.

    Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (Экономикалық тергеп-тексеру қызметі) экономикалық тергеп-тексеру қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу (бұдан әрі – Іріктеу) өткізілетінін хабарлайды. Іріктеу Астана, Алматы қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменттерінде жедел уәкіл (анықтаушы), тергеуші немесе криминалист (В-FMO-6 санаты) лауазымдарына өткізіледі, олардың функционалдық міндеттеріне криминалистикалық және арнайы зерттеулер жүргізу, бюджет саласы мен квазимемлекеттік сектордағы, көлеңкелі экономика саласындағы құқық бұзушылықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің құзыретіне жатқызылған өзге де қылмыстарды анықтау, олардың алдын алу, ашу, жолын кесу және тергеп-тексеру кіреді. Ең төменгі жалақы мөлшері 295 859 теңгені құрайды. Экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері көзделген. Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері Қазақстан Республикасының«Тұрғын үй қатынастары туралы»Заңына және құқық қорғау органдары қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес қызмет өткеру өңірі мен қызметкердің отбасы құрамын ескере отырып айқындалады. Іріктеуге мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (құқық қорғау қызметі лауазымдарына арналған тиісті 2-бағдарлама бойынша) тестілеуден (жеке қасиеттерін бағалауды қоса алғанда) бұрын өткен кандидаттар жіберіледі. Құжаттарды тапсыру мерзімі мен тәртібі. Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 15 шілде мен 15 тамыз аралығында «Open Academy» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Іріктеуге қатысу үшін кандидаттарға: -,жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) пайдалана отырып talapker.prokuror.gov.kz сайтында тіркелу; - жеке кабинетте мынадай құжаттарды толтырып, жүктеу қажет: Іріктеуге қатысуға жіберу туралы өтініш (ЭЦҚ-мен қол қойылған), оның ішінде кез келген өңірде қызмет өткеруге келісім; білім туралы құжаттар қосымшаларымен бірге (шетелдік дипломдар үшін – нострификациялау немесе тану туралы құжат); белгіленген нысан бойынша өмірбаян; 3×4 фотосурет (10 мбайтқа дейін); бар болған жағдайда қосымша құжаттар (сертификаттар, грамоталар, дипломдар және т.б.). Құжаттардың толық топтамасын ұсынбау немесе оларды белгіленген мерзімнен кеш тапсыру Іріктеуге қатысудан бас тартуға негіз болып табылады. Кандидаттарға қойылатын негізгі талаптар: Қазақстан Республикасының азаматтығы. Жасы 18-ге толған, бірақ 35 жастан аспаған. Жоғары білімінің болуы. Іріктеуге мына адамдар қатыса алмайды: заңда белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған; құқық қорғау қызметіне қабылданар алдындағы бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; құқық қорғау қызметіне қабылданар алдындағы үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; қызметке қабылданар алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған; сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған; бұрын сотталған не Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметтен, өзге құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адамдар. Іріктеу кезеңдері Іріктеу мынадай кезеңдерден дәйекті түрде өтуді қамтиды: құжаттарды қабылдау және тексеру; кейстік тапсырмаларды орындау; эссе жазу; психологиялық-әлеуметтік зерттеу; медициналық және психофизиологиялық куәландыру; полиграфологиялық зерттеу; әңгімелесу. Қажетті компьютерлік техника болмаған жағдайда кандидаттар Іріктеу кезеңдерінен аумақтық құқық қорғау органдарының арнайы жабдықталған үй-жайларында өте алады (аумақтық бөлімшелерінің орналасқан мекенжайлары мен байланыс телефондары төменде көрсетілген). Оқыту және одан әрі жұмысқа орналасу Іріктеуден сәтті өткен кандидаттар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына оқуға жіберіледі. Бастапқы кәсіптік даярлық мерзімі: 6 ай (Академияда 5 ай оқу + 1 ай тағылымдама). Бастапқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде кандидаттарға 40 532 теңге мөлшерінде шәкіртақы төленеді. Бастапқы кәсіптік даярлықты сәтті аяқтаған кандидаттар құқық қорғау қызметіне қабылданады, бұл ретте лауазымға тағайындау сынақ мерзімінсіз жүзеге асырылады және бір мезгілде оларға арнаулы атақ/біліктілік сыныбы беріледі. Кандидаттар құқық қорғау қызметіне қабылдану кезінде құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға дайын болуы тиіс. Қызмет өткерудің ерекше шарттары Құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулер: Қызметкердің: өкілді органдардың депутаты және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі болуға, партияларда, кәсіптік одақтарда болуға, қандай да бір саяси партияны қолдауға сөз сөйлеуге, құқық қорғау органдары жүйесінде өздерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығына негізделген, еңбек, сондай-ақ өзге де әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында құрылған саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық бірлестіктер құруға; педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақылы қызметпен айналысуға; кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, оның ішінде ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан коммерциялық ұйымды басқаруға қатысуға; заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болуға; қызметтік міндеттерін орындау үшін берілген материалдық-техникалық, қаржылық және ақпараттық қамтамасыз ету құралдарын, өзге де мемлекеттік мүлікті және қызметтік ақпаратты қызметтік емес мақсаттарда пайдалануға; мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне және қызметтік міндеттердің орындалуына кедергі келтіретін іс-әрекеттерге, оның ішінде ереуілдерге қатысуға; лауазымдық өкілеттіктерін орындауына байланысты жеке мақсаттарда жеке және заңды тұлғалардың көрсететін қызметтерін пайдалануға; өзінің қызметтік жағдайын пайдакүнемдік мақсаттарда, оның ішінде лауазымды және өзге де тұлғалармен сөз байласу арқылы пайдалануға; жақын туыстарының (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, бірге туған және бірге тумаған аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайының (зайыбының) тікелей бағынысында болатын лауазымды атқаруға құқығы жоқ. Қосымша ақпарат Іріктеуді өткізу тәртібі «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №199 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi №675 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2026 жылғы 10 сәуірдегі №59 және Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 10 сәуірдегі №6 бірлескен бұйрығымен реттеледі. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2026 жылғы 14 сәуірде №38414 болып тіркелген. Техникалық қолдау қызметінің байланыс телефоны: 8 779 914 79 36 Қоңыраулар жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 18:30-ға дейін қабылданады. Аумақтық бөлімшелердің орналасқан мекенжайлары және кадр қызметтерінің байланыс телефондары: Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефондары: 8 (7172) 70-84-79 (IP - 21390) (IP - 21394), пошталық мекенжайы: п/и 010000 Астана қаласы, Желтоқсан көшесі, 43; Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефондары: 8 708 896 22 07, пошталық мекенжайы: п/и 050000 Алматы қаласы, Жібек Жолы даңғылы 127; Абай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефондары: 8 (707) 110-70-17, 8 (775) 759-59-55 (IP – 40018). Пошталық мекенжайы: 071401, Семей қаласы, Шымкент көшесі, 2; Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7162) 251488 (IP – 23032).Пошталық мекенжайы: 020004, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 21; Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7132) 468277 (IP – 25046). Пошталық мекенжайы: 030000, Ақтөбе қаласы, Алтын Орда шағын ауданы, 8А; Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (727) 2792086 (IP – 24087).Пошталық мекенжайы: 050000, Алматы қаласы, Желтоқсан даңғылы, 112; Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефондары: 8 (7122) 354209, 8 778 934 10 08.Пошталық мекенжайы: 060000, Атырау қаласы, Абай көшесі, 8; Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефондары: 8 (7767) 31 08 58 (IP – 27012), 8 (7232) 578999 (қабылдау бөлмесі). Пошталық мекенжайы: 070004, Өскемен қаласы, Новаторов көшесі, 7/2; Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефондары: 8 (7172) 708479 (IP – 38029), (IP – 38022), Пошталық мекенжайы: 040000, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 48; Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті,байланыс телефоны: 8 (7112) 538480, 8 (7112) 538423, Пошталық мекенжайы: 090000, Орал қаласы, А. Каримуллина көшесі 2/2; Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7212) 216722, Пошталық мекенжайы: 100000, Қарағанды қаласы, Б. Хмельницкий көшесі, 14; Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7142) 53 64 12, Пошталық мекенжайы: 110007, Қостанай қаласы, Гоголь көшесі, 183; Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7292) 403641 (IP 33055, 33056).Пошталық мекенжайы: 130003, Ақтау қаласы, 31а шағын аудан, 5 ғимарат; Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефондары: 8 (7182) 613307, (IP 34013), 8 (7182) 615666 (IP 34004). Пошталық мекенжайы: 140000, Павлодар қаласы, Толстой көшесі, 98; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7152) 466434.Пошталық мекенжайы: 150000, Петропавл қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 120; Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, байланыс телефоны: 8 (7102) 77-30-62 (39010),Пошталық мекенжайы: 100600, Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 144.

    Жарияланды:
    Статистика

    Сайттар мен есептік жазбаларды бұғаттау 2026 жылғы 1 қаңтардаң бастап 30 маусымға дейін

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімге сәйкес заңға тәуелді актілердің орындалуы жөнінде ақпарат

    № р/с Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты МО Орындау мерзімі Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, онда орындаудың қай сатысында екені көрсетіледі) Қосымша ақпарат «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 19 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 4 қарашадағы № 179-ө Өкімі 1. (5 т.) «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы ҚМА 2025 жылғы қараша ПӘ енгізілді. 28.11.2025 ж. № АФМ-10-1-01/11255-И хат. ПӘ 12.12.2025 ж. № 25-5398-2 тапсырмасы: ҚМА, ҚНДРА, БҚДА ережелеріне түзетулер енгізуді көздейтін ьіріңғай Жарлық жобасын енгізу. Біріңғай Жарлық жобасы Үкімет Аппаратына енгізілді: 31.12.2025 ж № ПИ-124164. Үкіметтің 15.01.2026 ж. № 18 қаулысымен біріңғай Жарлық жобасы ПӘ енгізілді Президенттің 26.01.2026 жылғы № 1159 Жарлығы Орындалды 2. (8 т.) "Қаржы мониторингi субъектiлерiнің клиентті тиісінше тексеруі үшін қажетті құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 15 ақпандағы № 56 бұйрығының күшін жою туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығы ҚМА 2025 жылғы қараша Үкіметтің 27.11.2025 ж. № 12-18/03-485 п.8,17,18,19,22,24,25,27,36,44,45 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі ұзартылды ҚМА 28.01.2026ж. №2 бұйрықпен күшін жойды. Әдминде № 37933 болып тіркелді. Орындалды 3. (16 т.) "Қаржылық емес сектор үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 6 тамыздағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) 2025 жылғы қараша ҚМА 25.11.2025ж. №15 бұйрықпен түзетулер енгізілді. Әдминде № 37475 болып тіркелді. Орындалды 4. (17 т.) "Қаржы мониторингі субъектілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 6 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) 2025 жылғы қараша Үкіметтің 27.11.2025 ж. № 12-18/03-485 п.8,17,18,19,22,24,25,27,36,44,45 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі ұзартылды ҚМА 29.12.2025ж. №27 бұйрықпен түзетулер енгізілді. Әдминде № 37805 болып тіркелді. Орындалды 5. (18 т.) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтаудың тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 16 тамыздағы № 7 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 16 тамыздағы № 80 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы ҚМА (келісу бойынша), ҰЭМ 2025 жылғы қараша Үкіметтің 27.11.2025 ж. № 12-18/03-485 п.8,17,18,19,22,24,25,27,36,44,45 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі ұзартылды ҚМА 05.01.2026ж. №1 және ҰЭМ 06.01.2026 ж. № 1 бірлескен бұйрықпен түзетулер енгізілді. Әдминде № 37816 болып тіркелді. Орындалды 6. (19 т.) "Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) 2025 жылғы қараша Үкіметтің 27.11.2025 ж. № 12-18/03-485 п.8,17,18,19,22,24,25,27,36,44,45 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі ұзартылды ҚМА 23.12.2025ж. №22 бұйрықпен түзетулер енгізілді. Әдминде № 37697 болып тіркелді. Орындалды 7. (20 т.) "Кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдеріне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 23 ақпандағы № 14 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) 2025 жылғы қараша ҚМА 01.12.2025 ж. №17 бұйрықпен түзетулер енгізілді. Әдминде № 37525 болып тіркелді. Орындалды 8. (22 т.) "Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл үшін қажет ақпаратты алу қағидалары мен негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 15 наурыздағы № 21 және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 24 наурыздағы № 54 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының және Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірлескен бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) БП (келісу бойынша) 2025 жылғы қараша Үкіметтің 27.11.2025 ж. № 12-18/03-485 п.8,17,18,19,22,24,25,27,36,44,45 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі ұзартылды ҚМА 28.11.2025 ж. №16 және БП 02.12.2025 ж. №125 бірлескен бұйрықпен түзетулер енгізілді. Әдминде № 37524 болып тіркелді. Орындалды 9. (23 т.) "Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өздерінің ақпараттық жүйелерінен және ресурстарынан мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 30 наурыздағы № 114-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА 2025 жылғы қараша ҚМА 07.10.2025 ж. №315-НҚ бұйрықпен түзетулер енгізілді. Орындалды 10. (24 т.) "Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша заңды тұлғаның және заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтер мен құжаттарды ұсыну қағидалары мен мерзімдерін және заңды тұлға құрмай шетелдік құрылымның бенефициарлық меншік иелерін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтерді тіркеу нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА 2025 жылғы қараша Үкіметтің 27.11.2025 ж. № 12-18/03-485 п.8,17,18,19,22,24,25,27,36,44,45 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі ұзартылды ҚМА 29.12.2025 ж. №26 бұйрықпен түзетулер енгізілді. Әдминде № 37804 болып тіркелді Орындалды 11. (25 т.) "Қаржы мониторингі субъектісінің сұрау салуы бойынша клиенттердің (олардың өкілдерінің) бенефициарлық меншік иелері туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 35 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА 2025 жылғы қараша Үкіметтің 27.11.2025 ж. № 12-18/03-485 п.8,17,18,19,22,24,25,27,36,44,45 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі ұзартылды ҚМА 25.12.2025 ж. №23 бұйрықпен түзетулер енгізілді. Әдминде № 37711 болып тіркелді Орындалды 12. (27 т.) "Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА 2025 жылғы қараша Үкіметтің 27.11.2025 ж. № 12-18/03-485 п.8,17,18,19,22,24,25,27,36,44,45 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі ұзартылды ҚМА 23.12.2025 ж. №21 бұйрықпен түзетулер енгізілді. Әдминде № 37735 болып тіркелді Орындалды 13. (19 т.) "Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА 2025 жылғы қараша ҚМА 11.12.2025ж. № 20 бұйрықпен түзетулер енгізілді. Әдминде №37662 болып тіркелді. Орындалды 14. (19 т.) "Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА 2025 жылғы қараша ҚМА 18.11.2025ж. № 13 бұйрықпен түзетулер енгізілді. Әдминде №37439 болып тіркелді. Орындалды 15. (35 т.) Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалау үшін мемлекеттік органдардан және қаржы мониторингі субъектілерінен деректерді жинау жөніндегі әдіснаманы бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА 2025 жылғы қараша ҚМА 19.11.2025 ж. № 358-НҚ бұйрық Орындалды 16. (36 т.) Клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін скорингтік модульде тиісінше тексеру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА 2025 жылғы қараша Үкіметтің 27.11.2025 ж. № 12-18/03-485 п.8,17,18,19,22,24,25,27,36,44,45 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі ұзартылды ҚМА 08.12.2025 ж. № 19 бұйрық Әдминде №37587 болып тіркелді. Орындалды 17. (37 т.) Терроризмді, экстремизмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қатысуы мүмкін ұйымдарды және (немесе) жеке тұлғаларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА 2025 жылғы қараша ҚМА 19.11.2025 ж. 359-НҚ-ҚБПҮ бұйрық. Орындалды 18. (38 т.) Жария лауазымды адамдардың тізбесіне кіретін жария лауазымды адамдардың, олардың жұбайларының (зайыптарының) және жақын туыстарының тізімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА 2025 жылғы қараша ҚМА 03.11.2025 ж. № 345-НҚ-ҚБПҮ бұйрық. Орындалды 19. (44 т.) Қаржы мониторингі субъектісінің жеке кабинетін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА 2025 жылғы қараша Үкіметтің 27.11.2025 ж. № 12-18/03-485 п.8,17,18,19,22,24,25,27,36,44,45 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі ұзартылды ҚМА 08.12.2025 ж. № 18 бұйрық. Әдминде №37574 болып тіркелді. Орындалды 20. (45 т.) Кейбір бірлескен бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы Бірлескен бұйрық ҚМА (келісу бойынша), БҚДА (келісу бойынша), Әділетмині ТСМ, ЖИЦДМ 2025 жылғы қараша Үкіметтің 27.11.2025 ж. № 12-18/03-485 п.8,17,18,19,22,24,25,27,36,44,45 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі ұзартылды МО-мен келісуде ПИ-124837 (Әдминмен ескертулер берілді: Ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды реттеуші органдармен (ЖИЦДМ) бекіткеннен кейін бірлескен бұйрықты қабылдау). ҚМА-ның 06.04.2026 жылғы №8, БҚДА 08.04.2026 жылғы № 1, СТМ 14.04.2026 жылғы № 60, Әдминнің 30.04.2026 жылғы № 408, ЖИЦДМ 22.04.2026 жылғы № 216/НҚ бірлескен бұйрығы. Әдминде №38693 болып тіркелді Орындалды «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы және Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 30 желтоқсандағыҚазақстан Республикасының Заңдарын іске асыружөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы № 16-ө Өкімі 21 (4 т.) «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы ҚМА (келісу бойынша) 2026 жылғы ақпан, Үкімет Аппаратының № 20-06/03-492-3 п.4 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі 2026 жылғы 25 мамырға дейін ұзартылды Түзету ҚНРДА-мен әзірленген Жарлық жобасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Бірлескен Жарлық жобасы МО келісуде ПИ-125356/6. Жарлық жобасы ҚНРДА 02.04.2026 жылғы № 12-0-19/19962 хатымен Президент Әкімшілігінің қарауына енгізілді. 30.04.2026 жылғы № 1251 Жарлық Орындалды 22 (18 т.) Экономикалық тергеп-тексеру қызметімен құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидаларын, нысандары мен түрлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) 2026 жылғы ақпан, Үкімет Аппаратының № 20-06/03-492-3 п.4 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі 2026 жылғы 25 мамырға дейін ұзартылды ҚМА 05.05.2026 ж. № 10 бұйрық. Әдминде №38667 болып тіркелді. Орындалды 23 (19 т.) Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметпен байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) 2026 жылғы ақпан, Үкімет Аппаратының № 20-06/03-492-3 п.4 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі 2026 жылғы 25 мамырға дейін ұзартылды ҚМА 05.05.2026 ж. № 9 бұйрық. Әдминде №38666 болып тіркелді. Орындалды 24 (20 т.) Экономикалық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін государственный органішілік қауіп-қатерге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) 2026 жылғы ақпан, Үкімет Аппаратының № 20-06/03-492-3 п.4 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі 2026 жылғы 25 мамырға дейін ұзартылды ҚМА 05.05.2026 ж. № 119-НҚ бұйрық. Орындалды 25 (21 т.) Құқыққа қайшы контентті анықтау бойынша ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) 2026 жылғы ақпан, Үкімет Аппаратының № 20-06/03-492-3 п.4 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі 2026 жылғы 25 мамырға дейін ұзартылды ҚМА 05.05.2026 ж. № 120-НҚ бұйрық Орындалды 26 (22 т.) Экономикалық құқық бұзушылық жасаған адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) 2026 жылғы ақпан, Үкімет Аппаратының № 20-06/03-492-3 п.4 тапсырмасына сәйкес орындау мерзімі 2026 жылғы 25 мамырға дейін ұзартылды ҚМА 05.05.2026 ж. № 8 бұйрық. Әдминде №38663 болып тіркелді. Орындалды «ҚазақстанРеспубликасындағыбанктержәнебанкқызметітуралы»және«ҚазақстанРеспубликасыныңкейбірзаңнамалықактілерінеқаржынарығынреттеужәнедамыту, байланысжәнебанкроттықмәселелерібойыншаөзгерістерментолықтыруларенгізутуралы» 2026 жылғы16 қаңтардағыҚазақстанРеспубликасыныңзаңдарыніскеасыружөніндегішаралартуралы»Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 16 ақпандағы № 18-ө Өкімі 27 (109 т.) «Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және айналысты жүзеге асыратын тұлғалар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 28 ақпандағы № 20 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 28 ақпандағы № 68/НҚ бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бірлескен бұйрығы ҚМА (келісу бойынша), ЖИЦДМ 2026 жылғы наурыз № 179-р ПМӨ-нің 20-тармағы шеңберінде жүзеге асырылады. Жоба № 124837 ҚМА-ның 06.04.2026 жылғы №8, БҚДА 08.04.2026 жылғы № 1, СТМ 14.04.2026 жылғы № 60, Әдминнің 30.04.2026 жылғы № 408, ЖИЦДМ 22.04.2026 жылғы № 216/НҚ бірлескен бұйрығы. Әдминде №38693 болып тіркелді Орындалды 28 (110 т.) «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) 2026 жылғы наурыз, орындау мерзімі 2026 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылды. ҮА №20-06/03-498-3 110, 111-т тапсырмасы ҚМА 2026 ж.16.06. № 12 бұйрығымен түзетулер енгізілді. ӘМ 2026ж. 17.06. № 38975 болып тіркелді. Орындалды 29 (111 т.) Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру және (немесе) өзге де қылмыстық мақсаттар үшін пайдаланылған цифрлық активтер әмияндарының ақпарат беру құрамын, мерзімдері мен нысанын қамтитын бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) 2026 жылғы наурыз, орындау мерзімі 2026 жылғы 30 маусымға дейін ұзартылды. ҮА № 20-06/03-498-3 110, 111-т тапсырмасы, ҮА мерзімін ұзарту туралы хат жолданды Бұйрық жобасы әзірленді, қоғамдық және эксперттік кеңестің, жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындыларын алу үшін жіберілді, ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды, МО келісуге жолданды ПИ-129738 Орындаушы ЖТД 30 (112 т.) «Қамтамасыз етілген цифрлық активтердің аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының 2024 жылғы 30 қазандағы № 5 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) 2026 жылғы наурыз ҚМА-ның 09.04.2026 жылғы №5 бұйрығымен күшін жойды. Әдминде №38417 болып тіркелді Орындалды «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 43-ө Өкімі 31 (11 т.) "Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 789 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ҚМА (келісу бойынша),БП (келісу бойынша),ТЖМ, ІІМ 2026 жылғы сәуір Қаулы жобасы (№ ПИ-126567) Үкіметке 27.04.2026 жылы енгізілді Орындалды 32 (12 т.) Құпия Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) 2026 жылғы сәуір Орындалды «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 71-ө Өкімі 33 (61 т.) «Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидалары мен тізбесін және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу турал Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығы ҚМА (келісу бойынша) 2026 жылғы мамыр ҚМА 2026 ж.1.06. № 11 бұйрығымен түзетулер енгізілді. ӘМ 2026ж.1.06. № 38862 болып тіркелді Орындалды _________________________

    Жарияланды:
    Есеп

    Қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы есеп

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Жарияланды: