«Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

    БҰЙРЫҚ ЖОБАСЫ

    «Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты

    ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның

    тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу

    қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілерді

    күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы

    Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының

    2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығына

    өзгерістер мен толықтырулар енгізутуралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуі үшін оған қаражат төлеу қағидаларын бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілерді күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36615 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу қағидаларын бекіту туралы»;

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
    12-бабының 8-тармағына, 12-1 бабының 5-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Қоса берілген Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу қағидалары бекітілсін.»;

    Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін оған қаражат төлеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    1. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Терроризмді, есірткі бизнесін, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру саласындағы қаржылық мониторинг департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Төраға Ж. Элиманов

    Бұйрыққа

    қосымша

    Қазақстан Республикасының

    Қаржылық мониторинг агенттігі

    Төрағасының 2025 жылғы 12 тамыздағы

    № 10 бұйрығымен бекітілген

    Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабының
      8-тармағының екінші бөлігіне және 12-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектілерінің (бұдан әрі – ҚМС) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – ТҚ тізбесі) немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне (бұдан әрі – ЖҚҚТҚ тізбесі) енгізілген жеке тұлғаға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу тәртібін айқындайды, сондай-ақ ТҚ және ЖҚҚТҚ тізбелеріне енгізілген адамдарға қаражат төлеу кезіндегі талаптарды белгілейді.
    2. Заңның 12-бабының 8-тармағында және 12-1 бабының 5-тармағында көзделген қаражатты алуға және Заңның 13-бабының 1-1-тармағына сәйкес бұғаттау бойынша шаралар қолданылмайтын операцияларды жүргізуге Заңның 12-бабының 4-тармағының 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында және
      12-1-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлғалар өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін құқылы.
    3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) отбасы мүшелері – жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе олардың бірінің кәмелетке толмаған балалары (оның ішінде асырап алынған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы (қорғаншылығындағы), асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы;

    2) ТҚ тізбесі – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жасайтын және өзінің интернет-ресурсында орналастыратын терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімі;

    3) ЖҚҚТҚ тізбесі – уәкілетті орган жасайтын және өзінің интернет-ресурсында орналастыратын жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімі;

    4) ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті тоқтатып қою – заңды және жеке тұлғалар ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті берілуін, қайта өзгертілуін, иеліктен шығарылуын немесе орнын ауыстыруын тоқтата тұру бойынша қабылдайтын шаралар.

    Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге анықтамалар мен терминдер Заңға сәйкес қолданылады.

    2-тарау. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен

    байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты

    ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген

    адамдарға қаражат төлеу тәртібі

    1. Заңның 12-бабының 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында және 12-1-бабының 5-тармағында көзделген негіздер бойынша ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлға өзінің және дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында:

    1) күнтізбелік ай ішінде әрбір отбасы мүшесіне есептегенде республикалық бюджет туралы заңға сәйкес тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен аспайтын мөлшерде еңбек демалысына ақы төлеу немесе жалақы түрінде алынған;

    2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы, қызметтік іссапарларға арналған шығыстар, стипендия, жәрдемақы, өзге де әлеуметтік төлем түрінде алынған ақшамен немесе өзге де мүлікпен;

    3) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырумен, қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандырумен, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырумен байланысты операцияларды жүзеге асыруы үшін ҚМС-ке жүгінуге құқылы.

    1. ҚМС ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға еңбек демалысына ақы төлеу немесе жалақы түрінде алынған ақшаны төлеу үшін жұмыс орнынан жалақы мөлшері туралы анықтаманы және (немесе) демалыс үшін ақы төленгенін, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төленгенін растайтын құжатты сұратады.

    ҚМС ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлғаның дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелеріне еңбек демалысына ақы төлеу және жалақы түрінде алынған ақшаны төлеу үшін мынадай құжаттарды сұратады:

    1) отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәлік;

    2) неке қию туралы куәліктің түпнұсқасы немесе жұбайына (зайыбына) азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама;

    3) еңбекке қабілетті кәмелетке толған әрбір отбасы мүшесінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама.

    1. ҚМС ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдарға жалақы, еңбек демалысына ақы төлеу түрінде алынған ақшаны төлеу және (немесе) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеу бойынша операцияларды Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган айқындайтын қағидалар бойынша қаржылық мониторингке жататын операциялар ретінде мойындайды және мұндай операция туралы ол жүргізілгенге дейін 24 (жиырма төрт) сағат ішінде уәкілетті органға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен дереу хабарлайды.

    Уәкілетті орган осы Қағидалардың 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген хабарламаны алғаннан кейін оны алған сәттен бастап 24 (жиырма төрт) сағат ішінде операцияны жүргізу не операцияны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен ҚМС-ке жеткізеді.

    Операцияны жүргізуден бас тартуға негіз күнтізбелік ай ішінде Заңның 12-бабының 8-тармағының 1) тармақшасында көзделген ақшаны қайтадан алу болып табылады.

    Егер шешім қабылдау мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, шешім қабылдау мерзімінің аяқталу күні болып одан кейінгі таяудағы жұмыс күні есептеледі.

    1. ҚМС осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаражатты ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға Заңның 13-бабының 3-тармағына сәйкес уәкілетті органның операцияны жүргізу туралы шешімін алғаннан кейін төлейді.
    2. Осы Қағидалардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген ақшамен немесе өзге де мүлікпен операцияларды және Заңның
      13-бабының 1-1-тармағының жетінші бөлігіне сәйкес тоқтатып қою бойынша шаралар қолданылмайтын операцияларды жүргізу туралы шешімді ҚМС дербес қабылдайды.

    3-тарау. Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен

    байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе

    жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен

    байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген

    адамдардың ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен

    жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша

    қолданылатын шаралардың күшін ішінара немесе

    толық жою туралы өтінішін қарау қағидалары

    1. Заңның 12-бабының 4-тармағының 7) тармақшасына және
      12-1-бабының 5-тармағына сәйкес ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адам уәкілетті органға ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың күшін ішінара немесе толық жою туралы жазбаша уәжді өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып жүгінуге құқылы.
    2. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

    1) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    2) ақша шешіп алу үшін пайдаланылатын банктік шоттың (деректеменің) болуын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

    ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамның дербес кіріс көздері жоқ отбасы мүшелеріне ақша төлеу үшін мынадай құжаттар қоса беріледі:

    1) отбасы мүшесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ туыстығын сәйкестендіру үшін туу туралы куәліктің көшірмесі;

    2) неке қию туралы куәліктің көшірмесі немесе жұбайына (зайыбына) азаматтық хал актісін тіркеу туралы анықтама;

    3) еңбекке қабілетті кәмелетке толған әрбір отбасы мүшесінің жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама.

    ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың операцияларды тоқтатып қою бойынша шараларды қабылдағанға дейін туындаған қаржылық міндеттемелер немесе азаматтық, әкімшілік не қылмыстық актілерге сәйкес атқарушылық құжаттар бойынша ақшаны немесе өзге де активтерді төлеуі үшін:

    1) қаржылық міндеттемелердің, оның ішінде кредиттердің, бөліп төлеудің, валюталық және басқа да шарттардың болуын куәландыратын құжаттардың көшірмесі;

    2) азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық актілерінің көшірмесі беріледі.

    1. Уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті комитетіне (бұдан әрі – БҰҰ ҚК) жіберу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне (бұдан әрі – ҚР СІМ) жібереді.
    2. ҚР СІМ уәкілетті органнан өтінішті алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың күшін ішінара немесе толық жою туралы қарау және шешім қабылдау үшін оны БҰҰ ҚК тиісті комитетіне жібереді.
    3. Уәкілетті орган ҚР СІМ-нен БҰҰ ҚК Комитетінің өтінішті қанағаттандыру туралы шешімін алып, оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей дереу ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген тұлғаны арыз иесі жүгінген арна (жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйе) арқылы және тиісті ҚМС-ті қабылданған шешім туралы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бөлінген байланыс арналары арқылы электрондық тәсілмен хабардар етеді.

    СІМ-нен БҰҰ ҚК Комитетінің өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі алынған жағдайда уәкілетті орган оны алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей дереу ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамды қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

    1. Уәкілетті орган ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамға, егер:

    1) өтініштің осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген нысанға сәйкес келмеуі;

    2) осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну;

    3) ұсынылған құжаттардың дұрыс еместігін анықтау;

    4) БҰҰ ҚК Комитетінің өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешімі;

    5) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының деректері негізінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының шешімі қанағаттандырудан бас тартуға негіз болған жағдайда өтінішті қанағаттандырудан бас тартылады.

    4-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың ақшамен

    және өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша шараларды қолдануы

    1. Уәкілетті орган мемлекеттік органдармен, ҚМС-пен және ақшамен немесе өзге де мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын құзыретті ұйымдармен бірлесіп ұйымды немесе адамды ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізу туралы ақпаратты Террористік қызметке қатысы бар тұлғалардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырған сәттен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей мұндай ұйымды немесе мұндай адамды алдын ала хабардар етпей, ақшамен және өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша шараларды дереу қабылдайды.

    ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың банктік шоттарына оларды ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізу күніне дейін жасалған келісімшарттар мен шарттарға немесе өзге де міндеттемелерге сәйкес түсетін пайыздарды, төлемдерді немесе өзге де кірістерді есептеуге рұқсат етіледі, кейіннен мұндай түсімдерге қатысты тоқтатып қою бойынша шаралар қабылданады.

    1. Қазақстан Республикасының аумағында ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдарға ақшалай қаражатты және (немесе) өзге де активтерді тікелей немесе жанама түрде бермейді, сондай-ақ қаржылық және оған ұқсас қызметтер көрсетілмейді не мұндай қызметтерге қолжетімділік берілмейді.
    2. Осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарын іске асыру кезінде ақшалай қаражатты, өзге де мүлікті беру алдында, сондай-ақ қаржылық және оған ұқсас қызметтерді көрсету алдында заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында жүрген бейрезиденттер операция жасалатын немесе қызмет көрсетілетін адамды осындай адамның көрсетілген тізбелерде болуы тұрғысынан уәкілетті органның интернет-ресурсында және басқа да ресми дереккөздерде орналастырылған ТҚ тізбесімен және ЖҚҚТҚ тізбесімен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
    3. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 1373 және 2270 қарарларына, сондай-ақ Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) 6 (6.5) және 7 (7.2)-Ұсынымдарына сәйкес заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы бейрезиденттер:

    1) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың ақшасын және (немесе) өзге де мүлкін;

    2) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың тікелей және (немесе) жанама түрде, толық немесе бірлесіп иеленетін және (немесе) бақылайтын ақшасын және (немесе) өзге де мүлкін;

    3) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың қаражатын және басқа да активтерін пайдалану арқылы алынған және (немесе) өндірілген ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті;

    4) ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың тапсырмасы бойынша немесе нұсқауы бойынша әрекет ететін ұйымдар мен адамдардың ақшасын және (немесе) өзге де мүлкін тоқтатып қою бойынша шараларды дереу 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде қабылдайды.

    Тоқтатып қою шаралары қабылданған шоттарды ақшамен және өзге де активтермен, оның ішінде сыйақылармен немесе өзге де түсімдермен толықтыруға рұқсат етіледі.

    ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдарға тиесілі ақшаны және өзге де мүлікті тоқтатып қою шараларын қолданудың күшін жою Заңның 12-бабының 5-тармағына және 12-1-бабының 3-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

    1. ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адам ақша және (немесе) өзге де мүлікті беру туралы өтінішпен жүгінген жағдайларда заңды және жеке тұлғалар, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы бейрезиденттер уәкілетті органның ресми байланыс арналары арқылы немесе ресми шағымдар мен өтініштерді беруге арналған бірыңғай мемлекеттік электрондық платформасы бойынша хабарлама жіберу арқылы уәкілетті органды дереу 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде хабардар етеді.

    Осы тармақтың талаптары ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамдардың және олардың отбасы мүшелерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған бірінші кезектегі қажетті тауарлар мен қызметтерді ұсынатын кәсіпкерлік субъектілеріне қолданылмайды.

    1. Заңды және жеке тұлғалардың ТҚ тізбесіне немесе ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамның ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті беру туралы, сондай-ақ ТҚ тізбесіне және ЖҚҚТҚ тізбесіне енгізілген адамның ақшасын және (немесе) өзге де мүлкін беру мен сақтау туралы өтінішпен жүгінуіне қатысты қатысты хабарлау тәртібін уәкілетті орган белгілейді және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

    Терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қаражат төлеу қағидаларына қосымша

    Қазақстан Республикасының

    Қаржылық мониторинг агенттігінің

    Төрағасына

    ____________________________

    мекенжайы бойынша тұратын

    ____________________________

    ________________ азаматтан (азаматшадан)

    ____________________________

    (жеке сәйкестендіру нөмірі)

    Ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың күшін

    ішінара немесе толық жою туралы өтініш

    ____________________________________________ тізбесіне енгізілген жеке тұлғаға өзінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету немесе күтпеген шығындар үшін қаражат төлеу қағидаларының 9-тармағына сәйкес Сізден ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың күшін толық/ішінара (астын сызу керек) жоюыңызды сұраймын.

    Ақша алу кезінде (теңгеден) теңге мөлшерінде негізгі шығыстарды жабу мақсаттары – (азық-түлік өнімдеріне, тұрғын үйді жалға алуға немесе ипотекалық кредитке, дәрі-дәрмектер мен медициналық емделуге, салықтарды, сақтандыру жарналарын немесе коммуналдық қызметтерге ақы төлеу (астын сызу керек) немесе тек заңгерлік қызметтер көрсетумен байланысты мамандарға жұмсалатын шығыстарды және келтірілген шығыстарды өтеуді ақылға қонымды шектерде төлеу үшін) ___ мөлшерін теңгеде

    _______________________________________________________________

    (сомасын цифрмен және жазбаша жазу керек)

    Қағидаларға сәйкес қоса берілетін құжаттардың көшірмелері:

    1) __________________________

    2) __________________________

    3) __________________________

    (күні) __________ (қолы) ______________

    Жүктеу
    7ba70c7510f5cf935c786ad4630421f1_original.20039.docx
    DOCX · 20 КБ
    Жүктеу
    91aea9066acb4892032cd7d718eedc6d_original.31061.docx
    DOCX · 30 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (Экономикалық тергеп-тексеру қызметі) экономикалық тергеп-тексеру қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізілетінін хабарлайды.

    Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі (Экономикалық тергеп-тексеру қызметі) экономикалық тергеп-тексеру қызметіне алғаш рет кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу (бұдан әрі – Іріктеу)...

    Статистика

    Сайттар мен есептік жазбаларды бұғаттау 2026 жылғы 1 қаңтардаң бастап 30 маусымға дейін

    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімге сәйкес заңға тәуелді актілердің орындалуы жөнінде ақпарат

    № р/с Құқықтық актінің атауы Актінің нысаны Орындауға жауапты МО Орындау мерзімі Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, о...

    Есеп

    Қаржылық мониторингті дамытудың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру туралы есеп

    Бұйрық

    «Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар, клиенттің күдікті қызметі туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны, клиенттің күдікті қызметін айқындау белгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының 2022 жылғы 22 ақпандағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Жоба

    Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    Шешім

    РЕШЕНИЕ о допуске участников внутреннего конкурса Кинологического центра к собеседованию

    Жоба

    Экономикалық тергеп-тексеру қызметі ұстаған және қамауға алынған адамдарды айдауылдау қағидаларын бекіту туралы