Сұрақтар мен жауаптар — Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі

    Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    ҚМА кадр резервіне үміткерлерді іріктеу бойынша құжаттарды тапсыру үшін қайда және қандай нөмірлер бойынша жүгіну қажет?

    Жауап

    Құжаттарды тапсыру үшін 15 маусымнан бастап сауалнамаға сілтеме қол жетімді болады, оны толтыру қажет. Сол сауалнамада құжаттар тізімі және оларды жүктеу мүмкіндігі қарастырылған. Кеңес алу үшін кадр қызметіне мына нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 7172 32 24 71.

    Сұрақ

    Қаржылық мониторингі субъектілерінің қызметтерінің басталғаны/тоқтатылғаны туралы хабарламаны ұсыну мерзімдері қандай?

    Жауап

    Рұқсатты жеке немесе заңды тұлғалар алуы тиіс және ол күшінде болуы тиіс, ал хабарламаны жеке немесе заңды тұлға қызметті немесе іс-қимылды (операцияны) жүзеге асыруды бастағанға дейін жолдауы тиіс, оларға қатысты осы Заңда рұқсат етілетін немесе хабарлау тәртібі белгіленген. Қыз...