Әуезов ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

    Әуезов ауданының әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

    Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев азаматтарды кезекті жеке қабылдауын өткізді.

    Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік қолдау, тұрғын үй саласы, абаттандыру және ауданның тыныс-тіршілігіне қатысты өзге де мәселелерді көтерді.

    Әрбір өтініш жеке қаралып, тұрғындарға тиісті түсіндірмелер берілді. Жауапты бөлімдерге көтерілген мәселелерді пысықтап, қажетті шаралар қабылдау бойынша тапсырмалар жүктелді. Қосымша қарауды қажет ететін мәселелер бақылауға алынды.

    Азаматтарды жеке қабылдау – тұрғындармен тікелей кері байланыс орнатып, олардың өтініштерін нақты әрі жан-жақты қарастыруға мүмкіндік беретін маңызды жұмыс бағыттарының бірі.

    Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін:
    — «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш беруге;
    — немесе Алтынсарин даңғылы, 23 мекенжайындағы Әуезов ауданы әкімі аппаратына келіп жазылуға болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әуезов ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары