«Ариадна» ЖШС-нің жұмыскерімен орын алған жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру

    «Ариадна» ЖШС-нің жұмыскерімен орын алған жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру

    Ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Ж.Ураков Тенгиз кен орнындағы «Ариадна» ЖШС-нің жұмыскерімен орын алған жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.

    Комиссия мүшелері тергеп-тексеру кезінде жазатайым оқиғаның мән-жайы, орын алу себебі, оқиға орны мен жұмыс берушінің құжаттары зерделенді. Оқиға куәларынан түсініктеме мен сауалнамалар алынды.

    Қазіргі таңда, орын алған жазатайым оқиға бойынша комиссия мүшелерімен тергеп-тексеру жалғасуда.

    Тергеп-тексеру нәтижесімен оқиға еңбек қызметіне байланысты немесе еңбек қызметіне байланысты емес жазатайым оқиға ретінде сыныпталады.

    Сондай-ақ, тергеп-тексеру барысында жұмыскерлерге еңбек заңнамасы талаптары түсіндіріліп, қойылған сұрақтарына жауап берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" жаңалықтары