
Мақат ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Әсел Қаржауованың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысқа Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің талдау бөлімінің басшысы С.Убигалиева қатысты.
Күн тәртібінде аудандық колледжде дуальдық оқыту жүйесінің жүзеге асырылуы және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларының сақталуы және Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодекстің іске асырылуы туралы мәселелер қаралды.
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелер талқыланып, аудан әкімінің орынбасары Әсел Шайзадақызы жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.







