
2026 жылғы 4 кыркуйек Департаменттің №2 Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы С.Н. Карабекова ұйымдастырған семинар өтті.
Семинарға №1 ҚҚК, №5ҚҚК, 4 ККК, 7 ККК, “Куаныш “Жшс, «БZ Холдинг»ДӘК дәрігерлері қатысты.
Іс-шара барысында мүгедекті белгілеу және мүгедектігі бар адамдарды күндізгі және сырттай проактивті форматта қайта куәландыру мәселелері, сондай-ақ пациенттерді, оның ішінде 7 жасқа толған балаларды куәландыруға уақтылы жолдау мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелері, оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар облыстарында жекелеген ОТҚ-ны, арнайы жүріп-тұру құралдарын тегін пайдалану және қайтару шарттарымен қамтамасыз ету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы түсіндірілді.
Семинар аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері де талқыланып, мукополисахаридоз, Даун синдромы, туа біткен немесе жүре пайда болған қайтымсыз ақаулар бойынша мемлекеттік қызметті сырттай проактивті куәландыру арқылы көрсетудің ерекше механизмін енгізу туралы ақпарат жеткізілді.









