
Әуезов ауданында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 3-ықшамауданда кезекті аудандық сенбілік өтті.
Тазалық жұмыстарына 300-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында аудан әкімдігі аппаратының қызметкерлері, коммуналдық және құтқару қызметтері, білім беру ұйымдарының өкілдері, еріктілер, кәсіпкерлер, тұрғындар мен жастар бар.
Сенбілік барысында көшелер, қоғамдық және жасыл аймақтар, кәсіпкерлік нысандарына іргелес аумақтар тазартылды.
Жұмыстарға 50 коммуналдық қызметкер, 7 арнайы техника жұмылдырылып, 300 бірлік құрал-сайман пайдаланылды. Нәтижесінде 70 м³ қоқыс шығарылды.
Ауданымыздың тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!









