Таразда «Таза түтін мұржасы» акциясы аясында профилактикалық іс-шара өткізілді

    Таразда «Таза түтін мұржасы» акциясы аясында профилактикалық іс-шара өткізілді

    Тараз қаласының “Химик” шағынауданында «Таза түтін мұржасы» республикалық акциясы аясында профилактикалық іс-шара өткізілді. Іс-шараға Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, еріктілер және жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты. Құтқарушылар тұрғындарға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, пештер мен түтін мұржаларын дұрыс пайдалану және көміртегі тотығынан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жылыту құрылғылары мен мұржалардың жағдайы тексеріліп, оларды тазалауға практикалық көмек көрсетілді. Профилактикалық жұмыстар Жамбыл облысында жалғасуда.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары