Балық шабақтары құтқарылуда

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Балық шабақтары құтқарылуда

    Облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановтың 2026 жылғы облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 4 қыркүйек күні “Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” қызметкерлері және табиғат пайдаланушы ЖК “Алия” қызметкерлері бірлесіп, шабақ құтқару іс-шарасы өткізілді.
    Іс-шара барысында Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылдық округіне қарасты күріштік алқаптарынан 25 мың дана шамасында шабақтар құтқарылып Қоғалыкөл көліне жіберілді.
    Іс-шараға 4 адам, 2 техника қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары