Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

    Басқарма туралы

    «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Қызылорда облысының аумағында қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру функцияларын орындауда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қанша адам қатысты? Қанша тонна қоқыс шығарылды?

    Жауап

    Жыл басынан бері "Таза Қазақстан" шарасына барлығы 46 934 еріктілер,, қоғам қайраткерлері, бюджет сласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Нәтижесінде 1067 тонна қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 156 скверлер мен парктер, 225 тарихи-мәдени ескерткіштер, 791 әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 407 өнркәсіп және бизнес нысандары, 8 су обьектілері (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б.), мен 843 көшелердің бойы (304 көп қабатты үйлер мен 539 жер үйлердің аулалары) тазартылды. Оған 548 техника жұмылдырылды. 2026ж. 23 наурызда өткізілген "Мөлдір бұлақ" және "Тазару күні" акциялары аясында бұлақтар мен жағалау аумақтарын тазалау және тал егу жұмыстарына 7 мың адам қатысып, 16 мыңға жуық тал егілді, 100 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

    ·
    Сұрақ

    Қызылорда облысының жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының өзекті тізбесін ұсынуды сұраймыз?

    Жауап

    Қызылорда облысы бойынша Республикалық маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтары Барсакелмес қорығы, Қарғалы және Тораңғылсай қорғалымы орналасқан. Аталған аумақтар Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесіне енген. Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының жалпы көлемі 163126 га, Арал ауданында орналасқан. Тораңғылсай мемлекеттік табиғи қаумалының жалпы көлемі 17,9 мың га, Сырдария ауданында орналасқан. Оның ішінде Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесінің орман қорының 17,9 мың га жерде орналасқан. Қарғалы мемлекеттік табиғи қаумалының жалпы көлемі 11172,24 га, оның ішінде 1938 га Жаңақорған орман мекемесінің орман қорының жерінде орналасқан. Қарғалы мемлекеттік табиғи қаумалы Шиелі және Жаңақорған аудандарының аумағында орналасқан.

    ·
    Сұрақ

    Акваөсіру шаруашылығы тұрақты дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту бойынша қандай көмек көрсетілуде?

    Жауап

    Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес 2023 жылға қарай балық өсіру көлемін 16 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Бағдарламаға сәйкес 2030 жылға дейін 16 тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы, 12 тоған шаруашылығы, 3 тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғыларды іске қосылуы және көлде тауарлы балық өсіру шаруашылықтарының саны 55-ке жеткізу жоспарланған. Облыста балық өсіру: көл тауарлы балық өсіру, тоғанда балық өсіру, тор қоршамда балық өсіру және тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары арқылы балық өсіру шаруашылықтарымен жүргізіледі.Бүгінгі күні, облыста тауарлы балық өсірумен 109 шаруашылық айналысады. Оның ішінде: 76 - көл тауарлы балық шаруашылығы, 28 - тоған, 3 - тор қоршамда балық өсіру және 2 - тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету құрылғылары арқылы балық өсіру шаруашылықтарымен жүргізіледі. 2025ж. көл-тауарлы балық шаруашылықтарымен 1447 тонна аса тауарлы балық өсірілді.

    ·
    Сұрақ

    Мониторинг қалай жүргізіледі, егілген сексеуіл көшетінің қанша пайызы шықты? Шығын көлемі қандай?

    Жауап

    Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясынан бақылау комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Ботаника және фитоинтродукция институтының ғылыми қызметкерлері, Инспекция және Арал, Қазалы орман шаруашылығы мекемелері мамандарының қатысуымен бекітілген есеп санақ қағидасына сәйкес егілген орман екпелеріне және сексеуіл тұқымбағының шығымдылығына зерделеу жұмыстарын жүргізді. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 19 қазандағы №17-02/532 бұйрығымен бекітілген "Орман ағаштарын, питомниктерді, табиғи түрде қайта түлеуге ықпал ету шаралары жүргізілген және мемлекеттік орман қорында табиғи өсірілуге қалдырылған алқаптарды түгендеуді жүргізу қағидасының" 18 қосымшасына сәйкес Орман дақылдарының нормалық жерсінуі және сақталуы Қызылорда облысы бойынша 30% мөлшерінде белгіленген. Екпелердің орташа шығымдылығы 26-35% аралығында.

    ·
    Сұрақ

    Қандай кәсіпорындар немесе экожобалар қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 31,5%-ға дейін жеткізді?

    Жауап

    Бүгінгі күні өңірде Қызылорда қаласында қуаты жылына 60 мың тонна «With You E&C Kyzylorda» ЖШС және Сырдария ауданында қуаты 3,5 мың тонна «Тереңөзек тазалығы» МКК-ның Тереңөзек кентінде сұрыптау желілері жұмыс істейді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша жобалар: Жаңақорған ауданында «Ком Хоз Жаңақорған» ЖШС - 20 мың тонна, Қызылорда қаласында ЖШС сұрыптау қуатын арттыру «WITH YOU E&C KYZYLORDA» 300 мың тонна Арал ауданы, Арал қаласы ЖШС «Хан-Батыр» - 10 мың тонна, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, ЖК «Жалғасбаев Досмұқасан» - 5 мың тонна Жалағаш ауданы Жалағаш кенті ЖШС «Қ.Қанатбаева» - 5 мың тонна Шиелі ауданы, Шиелі кенті, «Астана қауіпсіздік формуласы» ЖШС - 10 мың тонна, Байқоңыр қаласында «GREENORDA PROJECT» ЖШС - 65 мың тонна.

    ·
    Сұрақ

    Автокөлікке қызмет көрсету сервис объектілерін, яғни жанармай құю бекетінің құрылысы үшін қандай экологиялық рұқсат құжаттарын алу қажет?

    Жауап

    Кодекстің 12-бабына сәйкес және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021ж. 13 шілдедегі №246 бұйрығымен бекітілген "Қоршаған ортаға жағымсыз ететін әсер ететін обьектінің санатын айқындау жөніндегі нұсқаулыққа" сәйкес обьектінің санатын анықтауы қажет болып табылады. Сонымен бірге, Кодекстің 96-бабының 1-тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүзеге асыру процесінде қоғамдық тыңдаулар өткізу міндетті. Осы баптың 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік экологиялық сараптама шеңберіндегі қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларына сай жүргізіледі. Қоғамдық тыңдаулар-бірыңғай экологиялық порталда көпшілік талқылауларын жүргізу арқылы қоршаған ортаны қорғау және ҚР тұрақты дамуы мәселелелрі қозғалатын мемлекеттік және басқарушылық шешімдерді қабылдауға қоғамның қатысу нысандарының бірі болып табылады. Бұған қосымша, ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022ж. 11 қаңтардағы №ҚР ДСМ-2 бұйрығымен бекітілген, "Адамның өмір сүру ортасы мен денсаулығына әсер ету обьектілері болып табылатын обьектілерінің санитариялық-қорғаныш аймақтарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" қағидасының 11 бөлім,48-тармағы 6) сәйкес автомобиль көлік құралдарына мотор отынының барлық түрлерімен құюға арналған обьектілер санитарлық қорғаныш аймағы 100 метр деп көрсетілген.

    ·
    Ақпарат

    Мемлекеттік сатып алу бойынша 2026 жылға арналған жылдық жоспар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Мемлекеттік сатып алу бойынша 2025 жылға арналған жылдық жоспар

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2025-2027 жылдарға арналған Қызылорда облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2026 жылдың 6 ай қорытындысымен орындалуы

    Жарияланды:
    Декларация

    ҚР Экологиялық Кодектің 21-бабы 3-тармағын орындау бойынша 2026 жылдың 6 айында қабылданған декларациялар тізімі

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың IІ тоқсанының қорытындысы бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша анықтама

    2026 жылғы 01 қаңтар – 30 маусым аралығында басқармаға барлығы 142 өтініш тіркелген. Оның ішінде: Арыз (ЖТ/ЗТ тұлғаларды қабылдауға арыз)–72; Шағым - 2; Басқа да өтініштер (хабар, сұрау салу, үн қосу, ұсыныс) - 68; Государственные органы бойынша жолданғаны - 47; Қаралған жолданымдар –94; Әкімшілік рәсім тәртібімен-30; Қолайлы әкімшілік акт қабылданды-29; Ауыртпалық түсіретін әкімшілік акт қабылданды-1; Оңайланған әкімшілік рәсім тәртібімен-22; Оңайлатылған әкімшілік рәсім тоқтатылды – 3; Жауап берілді-37; Назарға алынды - 0; Шағым қараусыз қалдырылды – 0; Есептік кезеңнің соңына қалдықта қалғаны – 9. Жеке қабылдау бойынша: Бекітілген қабылдау кестесіне сәйкес басқарма басшысы және басқарма басшысының орынбасары жеке және заңды тұлғалардың өкілдерімен жеке қабылдауды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Сонымен қатар, жеке қабылдаудың кестесі облыс әкімдігі ғимаратының 1 қабатында көрнекі жеріне ілініп, халыққа қол жетімді болу мақсатында басқарманың ақпараттық жүйелеріне енгізілген.

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылдың 6 айында басқармамен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

    Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен 2026 жылдың ІІ-тоқсанында 292 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша электронды үкімет порталы арқылы қызметтер көрсетілді. Атап айтсақ:1.«II санаттағы объектілер үшін әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру» қызметі бойынша 29 экологиялық рұқсат берілді.2.«Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» қызметі бойынша – 55 қорытынды берілді. Анықтама: Оның ішінде: ІІ санат объектілері бойынша –29; ІІІ санат объектілері бойынша – 19; Өзге жобалар (иные проекты - 7).3.«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» қызметі бойынша – 18 мемлекеттік қызмет көрсетілді.4.«Ағаш кесу және орман билетін беру» қызметі бойынша – 159 рұқсат құжаты берілді.5. «Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметі бойынша электронды үкімет порталы арқылы –31 рұқсат берілді.

    Жарияланды: