Қарақия ауданында сенбілік өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қарақия ауданында сенбілік өтті

    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарақия ауданының барлық ауылдарында жаппай сенбілік ұйымдастырылды.

    Сенбілік барысында елді мекендердің көшелері, қоғамдық орындары, кәсіпкерлік нысандардың айналасы, аулалар мен аумақтар тазаланды.

    Тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандардың иелері белсенді қатысты.

    Бірлік пен ортақ жауапкершіліктің арқасында ауылдардың көркі ажарланып, қоршаған ортаның тазалығына ерекше көңіл бөлінді.

    Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары