Жеке инвестициялар – сотталған әйелдердің ұстау жағдайларын жақсартуға бағытталуда

    2026 жылғы 3 қыркүйекте Бас прокуратура Қызметінің бастығы Мұрат Ахметов Республикадағы алғашқы модульдік кешеннің салтанатты ашылуын откізді.

    Мемлекет басшысы және Бас Прокурордың тапсырмасын іске асыру аясында Алматы облысының прокуратурасы облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, сотталған әйелдердің ұстау жағдайларын жақсартуға мақсатты жұмыстар жүргізуде.

    Жобаның негізгі бағыттарының бірі – №10 мекемесі әйелдер колониясы сотталғандарының туыстарымен ұзақ мерзімді кездесулер өткізуге қолайлы жағдай жасау болды.

    Жүргізілген жұмыс барысында бірқатар жүйелі мәселелер анықталды:

    - инфрақұрылымның ескіруі, кездесулер өткізуге арналған 8 бөлмеден тұратын ғимарат 1972 жылы салынған;

    - кездесулер өткізу орындарының төмен өткізу қабілеті – айына 64 сотталғанға дейін ғана;

    - кездесулерді журнал арқылы жүргізу, кездесулер беру кезектілігін айқындау рәсімінің ашық еместігі, шамадан тыс жүктеме сыбайлас жемқорлыққа жағдай жасап, шағымдардың көбеюіне әсер етуде.

    Қабылданған шаралар мен ұйымдастырушылық шешімдер:

    - жеке инвестор – «Bromart» ЖШС тартылып, модульдік ғимарат салу туралы Меморандум жасалды, сондай-ақ ескі кездесулер бөлмелеріне күрделі жөндеу жүргізу міндеттемесі жүктелді;

    - инвестор заманауи жиһазбен, санитариялық тораптармен және тұрмыстық техникамен жабдықталған 16 бөлмелі ғимараттың құрылысын аяқтады, сондай-ақ онда жеке балалар бөлмесі мен ас үй аймағы қарастырылған;

    - кездесулерге өтініштерді терминалдар арқылы беру, кездесулер кезегін электрондық түрде жүргізу есепке алу процестерін автоматтандыруға және олардың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Оң әсері және қол жеткізілген нәтижелер:

    - ғимараттың құрылысы мен кездесулер өткізу орындарын жабдықтау жеке инвестордың қаражаты есебінен жүзеге асырылды, кейінгі пайдалану шығындары да инвесторға жүктелді;

    - ұзақ мерзімді кездесулерге арналған бөлмелер саны 8-ден 24-ке дейін ұлғайтылды;

    - мекемедегі моральдық-психологиялық ахуал жақсарып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылуда;

    - мемлекеттік бюджеттен шығындар қарастырылмаған, қабылданған ұйымдастырушылық шешімдер «Заң мен тәртіп» қағидатын іс жүзінде іске асыруға ықпал етуде.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының прокуратурасы" жаңалықтары