Түркістанда «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты семинар өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Түркістанда «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты семинар өтті

    Жиында ұлт ұстазының рухани мұрасы дәріптеліп, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен тіл мәдениетін арттыруға бағытталған танымдық және мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды.

    Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» тақырыбында семинар өтті.

    Іс-шараның мақсаты – ұлт ұстазының ғылыми-ағартушылық мұрасын насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және тіл мәдениетін қалыптастыру.

    Семинар барысында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнеролик көрсетіліп, мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар оның өлеңдерінен үзінділер орындалып, мемлекеттік тілдің кәсіби ортадағы қолданысы жөнінде баяндамалар жасалды.

    Іс-шара патриоттық әнмен жалғасып, Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығына арналған кітап көрмесі таныстырылды.

    Семинар соңында белсенді қатысқан қызметкерлер марапатталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары