
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен өткен «Есірткісіз болашақ – жарқын болашақ» форумының аясында жастарға арналған «Жан Дауa» психологиялық драмасы сахналанды.
Қойылым арқылы есірткіге тәуелділіктің адамның өміріне, психологиялық жағдайына және жақындарымен қарым-қатынасына тигізетін кері әсері көркем түрде жеткізілді.
Іс-шара соңында жастарға есірткі қылмысының алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.






