13 жастағы қарағандылық суға батып бара жатқан баланы құтқарғаны үшін марапатталды

    13 жастағы қарағандылық суға батып бара жатқан баланы құтқарғаны үшін марапатталды

    Қарағанды облысында 13 жастағы мектеп оқушысы суға батып бара жатқан төрт жасар баланың өмірін сақтап қалды. Нұралы Әлхан Семізбұға көлінде қайсарлық танытып, қиын сәтте ойланбастан көмекке ұмтылған.

    13 жастағы қарағандылық суға батып бара жатқан баланы құтқарғаны үшін марапатталды

    Жасөспірімнің ерлігін алдымен полиция қызметкерлері атап өтті. Тоғызыншы сынып оқушысына Ішкі істер министрлігінің символикасы бейнеленген қолсағат табысталып, анасына Алғыс хат берілді. Кейін Нұралыны Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті де арнайы марапаттады.

    Ведомствоның мәліметінше, Нұралыға «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалі мен естелік сыйлық табыс етілді. Марапатты тапсыру рәсімінде облыстық ТЖД бастығы, генерал-майор Марғұлан Аманбаев жасөспірімге батылдығы мен азаматтық ерлігі үшін алғыс білдірді.

    13 жастағы қарағандылық суға батып бара жатқан баланы құтқарғаны үшін марапатталды

    – Сенің бұл әрекетің – шынайы ерліктің үлгісі. Мұндай батылдық пен жанашырлық қатарластарыңа өнеге болуы тиіс, – деді Марғұлан Аманбаев.

    Оқиға биыл тамыз айында Семізбұға көлінде болған. Қатты жел соғып, жүзіп келе жатқан үрлемелі матрас аударылып кетіп, сол матрастың үстінде болған төрт жасар бала суға құлаған. Сол маңда жүрген Нұралы жағдайды көре сала еш абдырамай, балаға қарай жүзіп барып, оны судан аман-есен алып шыққан.

    Батыл оқушы туралы ақпарат әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, көпшіліктің назарын аударды. Жасөспірімнің ерлігі жұртшылықтың жылы лебізі мен қолдауына ие болды.

    13 жастағы қарағандылық суға батып бара жатқан баланы құтқарғаны үшін марапатталды

    Нұралы – көпбалалы отбасындағы алты баланың үлкені. Марапаттау рәсіміне ол ата-анасы және жақындарымен бірге келді.

    13 жастағы қарағандылық суға батып бара жатқан баланы құтқарғаны үшін марапатталды

    Жасөспірімнің айтуынша, сол сәтте өзінің қауіпсіздігі туралы ойлау ойына келмеген. Ол үшін ең маңыздысы – баланың өмірін сақтап қалу болған.

    – Шынымды айтсам, қорыққан жоқпын. Сол сәтте тек баланың өмірін ойладым. Менің де інілерім бар. Оны інілерімнің бірінің орнында елестеттім. Егер олар сондай жағдайға тап болса, мен не істер едім деп ойладым. Сондықтан оған қарай жүзіп барып, құтқаруды шештім, – деді Нұралы Әлхан.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары