ТЖМ құтқарушылары балалар қауіпсіздігіне арналған қысқаметражды мультфильмді ұсынды

    ТЖМ құтқарушылары балалар қауіпсіздігіне арналған қысқаметражды мультфильмді ұсынды

    Оқу жылының басталуына орай Шығыс Қазақстан облысы ТЖД құтқарушылары облыстың Цифрландыру және архивтер басқармасымен бірлесіп, балалар жарақатының алдын алуға бағытталған тәрбиелік мәні бар мультфильм әзірледі.

    Бұл қысқаметражды мультфильм ата-аналар мен қоғамның назарын қауіпсіздік мәдениетін арттыру қажеттілігіне және балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеуге аудару мақсатында әзірленді. Мультфильм балалардың жас ерекшеліктері мен қабылдау мүмкіндіктері ескеріле отырып әзірленген. Қысқа әрі мазмұнды оқиға есте оңай сақталып, ең бастысы, балаларды қауіпсіз мінез-құлыққа үйретеді.

    Мультфильм Өскемен қаласындағы кинотеатрлардың бірінде фильм басталар алдында көрермендерге ұсынылды. Алдағы уақытта құтқарушылар оны балабақшалар мен мектептерде көрсететін болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" жаңалықтары