Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз: полиция тұрғындарға ақпараттық жадынама таратты

    Интернет алаяқтықтан сақ болыңыз: полиция тұрғындарға ақпараттық жадынама таратты
    Атырау облысы полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының азаматтарына интернет алаяқтардың кең таралған тәсілдері түсіндіріліп, қауіпсіздік шаралары жөнінде ақпарат берілді.
    💳 Іс-шара барысында жалған банк қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу, күмәнді сілтемелер арқылы жеке мәліметтерді иемдену, жалған интернет-дүкендер мен әлеуметтік желілер арқылы алдау сынды алаяқтық тәсілдер туралы ескертілді. Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау облысында 500-ден астам интернет алаяқтық дерегі тіркеліп, оның 100-ге жуығы сотқа жолданды.
    ❗️ Полиция азаматтарды бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, SMS-кодтарды бермеуге және күмәнді сілтемелерге өтпеуге шақырады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары