Атырау облысы полиция департаменті жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
Осыған байланысты, Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы, «Құрманғазы» өткізу пунктіне дейінгі автомобиль жолының учаскесінде жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін «АТОМ» жүйесі тестілік режимде іске қосылды.
Жүйе арқылы:
белгіленген жылдамдық режимінің сақталуы;
жол учаскесіндегі орташа қозғалыс жылдамдығы;
қауіпсіздік белдігін тақпау;
көлік құралын басқару кезінде телефон пайдалану;
өзге де жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар автоматты түрде анықталады.
Орташа жылдамдық көлік құралының бақылау учаскесіне кірген және шыққан уақыты, жүріп өткен қашықтық пен уақыт аралығы негізінде есептеледі.
Осыған байланысты жүргізушілерден камера орналасқан жерге жақындағанда ғана жылдамдықты төмендетпей, бүкіл бақылау учаскесі бойында белгіленген жылдамдық режимін сақтауды сұраймыз.
Жол қозғалысы ережелерін сақтап, өзіңіздің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыз!