
Атырау қаласында түнгі уақытта қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
Мәселен, қала аумағында «Lada Priora» маркалы автокөлікті басқарған 2006 жылы туған азамат түнгі уақытта көлігінен музыканы қатты қойып, айналасындағыларға кедергі келтіріп, тұрғындардың тыныштығын бұзған.
Аталған факті бойынша азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы («Тыныштықты бұзу») бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Сонымен қатар, түнгі уақытта түрлі құқық бұзушылық жасаған өзге де жүргізушілер анықталып, оларға қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.









