Аудандық әкімдіктің үлкен залында 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша кеңес өтті. Сайлауға дайындық барысы туралы негізгі баяндаманы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асхан Рыскелдин жасады. Ол сайлау комиссиялары мен учаскелерінің алдағы дауыс беруге дайындығы туралы айтып өтті.
Атбасар ауданы ТЖ бөлімінің бастығы Абылайхан Шарипов сайлау учаскелеріндегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы жөнінде ақпарат берді.
Учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларын байланыс құралдарымен қамтамасыз ету және байланыстың үздіксіз жұмыс істеуі туралы Атбасар қалалық телекоммуникациялар орталығының «Қазақтелеком» басшысы Ольга Кравченко баяндады.
Кеңес барысында құқықтық тәртіпті сақтау, электр энергиясымен қамтамасыз ету, медициналық сүйемелдеу, көлік қатынасы және халыққа ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мәселелері де қаралды.
Атбасар ауданының әкімі Қ. Алимжанов жауапты қызметтерге сайлауды ұйымдасқан түрде өткізу үшін үйлесімді жұмысты қамтамасыз етіп, барлық қажетті жағдай жасауды тапсырды.
Ауданда 46 сайлау учаскесі дайындалуда. Оның 21-і Атбасар қаласында, 25-і ауылдар мен ауылдық округтерде орналасқан. Аудандағы сайлаушылар тізімінде 29 608 азамат бар.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты басшыларға 23 тамызға дейін барлық қызметтердің толық дайындығын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Атбасар ауданындағы сайлауға дайындық
Ұқсас материалдар

Ресей халқы қазақстандықтармен бірге аза тұтуда
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы ЕлшілігіАшу
Қазақстан ТМД Туризм кеңесінің отырысында туризмді дамытудың басым бағыттарын таныстырды
Туризм индустриясы комитетіАшу
Қазақстан мен Малави екіжақты қатынастардың жаңа кезеңіне қадам басты
ҚР СІМАшу
Исламабадта Қазақстан Әскери-теңіз күштері әскери қызметшілерінің қайғылы қаза болуына байланысты қазақ халқына көңіл айтылды
Ашу
Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчуньді қабылдады
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіАшу
"Атбасар ауданының әкімдігі" жаңалықтары
Атбасар қаласында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда.
Атбасар ауданының әкімдігіАшуАтбасар қаласында жаңа теміржол вокзалы ашылды.
Атбасар ауданының әкімдігіАшуҚұрметті Атбасар ауданының тұрғындары!
Атбасар ауданының әкімдігіАшуАудан әкімінің санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күніне орай құттықтауы
Атбасар ауданының әкімдігіАшуСоциальный хлеб по доступной цене
Атбасар ауданының әкімдігіАшу