Туған қала үшін жерлестер: Астанада Атбасардың болашағы талқыланды
Астанада алғаш рет Атбасар ауданынан шыққан жерлестердің кездесуі өтті. Себебі ерекше — алда Атбасардың 180 жылдығы келе жатыр. Басты мақсат — туған қаланы дамыту үшін жерлестердің күш-жігерін біріктіру.
Кездесудің ұйымдастырушысы Атбасар ауданының әкімі Кеңес Әлімжанов болды.
Кәсіпкер Нұрлан Омаров Атбасарды заманауи кинотеатр салу идеясының қалай жүзеге асырылып жатқанымен бөлісті.
Урбанистика орталығының басшысы Данияр Нұрпейісов көгалдандыру, абаттандыру және инфрақұрылымды дамытуға баса назар аудара отырып, заманауи Атбасардың көрінісін ұсынды.
Атбасар ауруханасының бас дәрігері Самат Исламов соңғы жылдары аурухананың жақсы жаққа қалай өзгергенін айтып берді. Сондай-ақ ол жерлестердің қолдауын қажет ететін мәселелерді де жасырмады.
Қала әкімі Бахтияр Күзенов Атбасарды кешенді дамыту жобаларын таныстырды, ал аудан әкімі Кеңес Әлімжанов қаланы экологиялық таза, қауіпсіз және жайлы ету басты мақсат екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша Тұрақты даму қорын және Инвесторлар кеңесін құру ұсынылды.
Жерлестер бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін мәлімдеп, туған ауданды дамыту жобаларына қатысуға ниет білдірді.
Қатысушылар ынтымақтастықты жалғастырып, пікірталастардан нақты істерге көшуге уағдаласты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






