
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы Нұркен Кобжанов облыс әкімінің орынбасары Р. А. Кенжебеков, Бұқар жырау ауданының әкімі Е.Б. Құсайын және Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы А.Д. Тюлюбековпен бірге Бұқар жырау ауданының Көкпекті ауылындағы сүт өңдеу және сүт өнімдерін өндіруге маманданған шағын бизнес кәсіпорнында болды.
Кездесуге қатысушылар кәсіпорынның өндірістік қуаттылығымен, шығарылатын өнім ассортиментімен, ағымдағы қызмет көрсеткіштерімен танысты, сондай-ақ өндірісті одан әрі дамыту және кеңейту жолдарын талқылады.
Кәсіпорын тәулігіне 15 тонна шикізатты қайта өңдейтін өндірістік қуатқа ие, қуаттылық жүктемесі – шамамен 85%. Кәсіпорында екі өндірістік цех жұмыс істейді, 21 жұмыс орны құрылған. Кәсіпорын Қарағанды облысының сүт өнімдері нарығының шамамен 20% алады.
Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында кәсіпорын өндірістік қуатты жаңғыртуға және дамытуға, шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік алып отыр.
Кездесу аясында келешекте жаңа заманауи зауыт салу мәселесіне ерекше назар аударылды, бұл қайта өңдеу көлемін ұлғайтуға, шығарылатын өнім ассортиментін кеңейтуге және өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ өткізу нарығын кеңейту және кәсіпорынды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Жергілікті өндірістерді дамыту, шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мен отандық өндірісті инвестициялау үшін жағдай жасау өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттары болып табылады және депутаттық корпустың тұрақты бақылауында болады.









