Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс тұрғындарының назарына

    Қарағанды облыстық мәслихаты төрағасының өкімі

    Қарағанды қ. №2-6/1-74 2026 жылғы 5 қазан

    Қарағанды облыстық мәслихатының

    кезектен тыс сессиясын өткізудің күшін жою туралы

    Қарағанды облыстық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы XXII сессиясының шешімімен бекітілген Қарағанды облыстық мәслихатының регламенті, Қарағанды облысы әкімінің 2026 жылғы 30 қыркүйектегі

    №1-1/5-950, 2026 жылғы 2 қазандағы №1-1/5-957 хаттарының негізінде Қарағанды облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында қарауға жоспарланған мәселе бойынша материалдарды жан-жақты және сапалы қарауды қамтамасыз ету мақсатында

    ӨКІМ ЕТЕМІН:

    1.2026 жылғы «6» қазанға белгіленген Қарағанды облыстық мәслихатының сессиясын өткізудің күші жойылсын.

    2. Қарағанды облыстық мәслихаты аппаратының басшысы облыстық мәслихат депутаттарын, облыс әкімін және өзге де мүдделі тұлғаларды сессияны өткізудің күшін жою туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін.

    3. Қарағанды облыстық мәслихаты аппаратының басшысы белгіленген тәртіппен кезекті сессияның өткізілетін күні, уақыты және орны туралы қосымша хабарласын.

    4. Осы өкімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    Қарағанды облыстық мәслихатының

    төрағасы Н. Кобжанов

    ХАБАРЛАМА

    Қарағанды облыстық мәслихатының сессиясын өткізуге байланысты барлық мәселелер бойынша аппарат басшысы Әскербек Ибрагимұлы Халтоновқа жүгінуге болады

    телефон: 8 (7212) 50-66-72, ішкі 6103, 6102

    электрондық пошта: [email protected]

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облыстық мәслихаты" жаңалықтары