Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды

    2026 жылғы 12 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

    Құжат Қазақстан Республикасы Конституциясының 88-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданды.

    Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оны дайындау мен өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

    Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Астана қаласының, облыстардың, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне кезектен тыс сайлауды өткізу үшін қажетті ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық жағдайларды қамтамасыз ету тапсырылды.

    Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облыстық мәслихаты" жаңалықтары