
Облыстық мәслихат төрағасы Нұркен Кобжанов белгілі қазақстандық суретші, халықаралық антиядролық қозғалыстың белсендісі, ізгі ниет елшісі Кәріпбек Күйіковтің «Қайсар рух» атты өмірбаяндық кітабының тұсаукесеріне қатысты.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ә.Ү.Әлденей, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Р.К.Омарбекова, облыстық мәслихат депутаты С.-М.Т.Казитов, Мәдениет басқармасының басшысы Ғ.Өтелбайұлы, Кәріпбек Күйіковтің жақындары, студенттер және басқа да қонақтар қатысты.
Іс-шара Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында өтті, оның барысында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергенмен бейнебайланыс ұйымдастырылды, ол жастарды көбірек оқуға және «Қайсар рух» шығармасымен танысуға шақырды.
Тұсаукесер барысында Кәріпбек Телтайұлы өзінің өмірі мен шығармашылық жолы, қиындықтарды жеңуге және өнер мен қоғамдық қызметпен айналысуды жалғастыруға көмектесетін ішкі талпыныстарымен бөлісті. Оның мықты рухы мен әрдайым көмек қолын созуға даярлығын айғақтайтын көпжылдық қайырымдылық қызметі ерекше құрметке лайық.
«Қайсар рух» - батылдық, төзімділік және өмірлік сынақтар, өнерге деген сүйіспеншілік пен қоғамға пайда тигізуге ұмтылыс туралы кітап. Кәріпбек Телтайұлының тағдыры – өзіне деген сенімнің, жақындарын қолдау мен өз ісіне адалдықтың жарқын үлгісі.
Облыстық мәслихат төрағасы Н.С.Кобжанов авторды кітаптың шығуымен құттықтай отырып, көрнекті жерлесіміздің есімін тарихта қалдыру мен елдің қоғамдық өміріне қосқан үлесін дәріптеудегі кітаптың маңыздылығын атап өтті:
«Кәріпбек Телтайұлы мен осы туындыны дайындауға және басып шығаруға үлес қосқан жандарды құттықтаймын. «Қайсар рух» жерлесіміздің есімін және оның еліміздің қоғамдық өміріне қосқан елеулі үлесін айғақтай отырып, Қарағанды облысының мәдени шежіресінде лайықты орын алатынына сенімдімін. Кәріпбек Телтайұлына зор денсаулық, жаңа шығармашылық жетістіктер мен толағай табыс тілеймін».
Кездесу барысында жастар өмірлік сынақтарға қарамастан шығармашылыққа, қоғамдық қызметке және жасампаздыққа деген ұмтылысын сақтай алған адамның жеке тәжірибесін өз аузынан естуге тағы бір мәрте мүмкіндік алды.




