Ақтауда БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті

    Ақтауда БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті

    Бүгін, 13 тамыз күні Ақтау қаласында қала әкімі Әбілқайыр Байпақов өңірдегі республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында қала әкімі БАҚ өкілдерін қала әкімдігінің тапсырысымен жүзеге асырылып жатқан бірқатар жобалармен таныстырды.

    Әкімдік өкілдері баспасөз турына қатысушыларға қалада атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берді.

    Ақтау қаласында құрылыс бөлімі арқылы қаланың инженерлік және су инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, 20-шағын ауданда су құбыры, кәріз, жылу және газ желілерін тарту, автомобиль және жаяу жүргіншілер жолдарын салу, трансформаторлық қосалқы станцияларды орнату, сондай-ақ көшелерді жарықтандыру желілерін жүргізу жұмыстары қолға алынған. Бұл туралы аймақ журналистеріне Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Еркебұлан Ғабдолов мәлімдеді.

    — Қазіргі уақытта инженерлік желілер бойынша жұмыстардың басым бөлігі орындалды. Жекелеген бағыттар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу деңгейі 90–100 пайызды құрайды. Сонымен қатар автомобиль жолдарын салу және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Жобаны толық аяқтау 2026 жылғы 31 желтоқсанға жоспарланған, — деді Еркебұлан Ғабдолов.

    Сонымен қатар БАҚ өкілдеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жол және жолаушылар көлігі салаларында атқарылып жатқан жұмыстар мен жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.

    Кездесу соңында журналистер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алды.

    Өз кезегінде қала әкімі БАҚ өкілдеріне ризашылығын білдіріп, қалада жүзеге асырылып жатқан жұмыстарды ақпараттық тұрғыдан қолдағандары үшін алғысын айтты.

    Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары