Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

    Маңғыстау облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың ұйымдастыруымен 2026 жылғы 13 қараша күні сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін «Ақтау-Антитеррор-2026» атты терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарланған.

    Оқу-жаттығу аясында террористік тұрғыдан осал бірқатар нысандар, оның ішінде облыс әкімдігінің, полиция департаментінің ғимараттары мен оларға іргелес аумақ, сондай-ақ №6 өнеркәсіптік аймақ белгіленген.

    Осыған байланысты жоғарыда аталған нысандардың жұмысына уақытша шектеулер енгізу, сондай-ақ автокөлік құралдарының қозғалысы мен азаматтардың аталған аумақтарға жақын жерлерде жүріп-тұруын шектеу шаралары қарастырылған.

    Азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және халық арасында жалған ақпараттың таралуына жол бермеуге шақырамыз.

    Маңғыстау облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары