Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі

    2026 жылғы 9–13 қараша аралығында Астана қаласында 11-сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
    Зияткерлік сайысқа Қазақстанның барлық өңірінен жалпы орта білім беру ұйымдары мен республикалық мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысты. Облыс құрама командасында Павлодар қаласы атынан А.Шәмкенов атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Николай Белый қатысты.
    Президенттік олимпиаданың қорытындысы бойынша Николай Белый білім деңгейі мен дайындығының жоғары екенін көрсетіп, күміс медаль мен II дәрежелі дипломға ие болды.
    Николайды және оның ұстаздарын лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға, жаңа жетістіктер мен жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Павлодар қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары