2026 жылғы 13 тамызда Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы А.Б. Абдрахманованың төрағалығымен техникалық оқу жүйесінде кезекті оқу сабағы өткізілді.

    2026 жылғы 13 тамызда Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы А.Б. Абдрахманованың төрағалығымен техникалық оқу жүйесінде кезекті оқу сабағы өткізілді.

    Іс-шараға Тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

    Оқу сабағы барысында мемлекеттік аудит сапасын бақылау бөлімінің басшысы Р.А. Қадырбеков Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы баяндама жасады.

    Баяндама барысында енгізілген өзгерістердің негізгі ережелері, оларды қабылдаудың себептері, сондай-ақ сыртқы мемлекеттік аудит жүргізу кезінде практикалық қолдану мәселелері қаралды.

    Қатысушылардың назары аудиторлық іс-шараларды жоспарлау және өткізу кезінде практикалық қызметте ескерілуі қажет өзгерістерге ерекше аударылды.

    Оқу сабағының соңында жаңартылған нормаларды қолдануға байланысты өзекті мәселелер талқыланып, қатысушылар арасында пікір алмасу өтті.

    Мұндай оқу сабақтарын өткізу Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға, заңнамадағы өзгерістермен уақтылы танысуына және мемлекеттік аудит жүргізу практикасын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы" жаңалықтары