Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде цифрлық технологиялардың мүмкіндігі кеңейіп келеді

    Алматыда жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде цифрлық технологиялардың мүмкіндігі кеңейіп келеді

    Алматыда жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында заманауи автоматтандырылған және интеллектуалды бақылау жүйелері кеңінен қолданылып келеді. Цифрлық технологиялар жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтап қана қоймай, алдын алу жұмыстарын күшейтуге, жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және заң бұзушылықтарға дер кезінде ден қоюға мүмкіндік береді.

    Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының мәліметінше, автоматтандырылған кешендер жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын нақты уақыт режимінде анықтап, тиісті ақпаратты Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізіліміне жолдайды.

    Атап айтқанда, жүйелер белгіленген жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салатын сигналына өту, жол таңбалары мен белгілерінің талаптарын бұзу, көлік құралдарын рұқсат етілмеген жерге тоқтату және қою, жаяу жүргіншілерге жол бермеу және басқа да құқық бұзушылықтарды тіркейді.

    Жол қозғалысын бақылауда цифрлық технологияларды қолдану құқық бұзушылықтарды тіркеу кезінде адами факторды азайтып, бақылаудың объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Әкімшілік полиция басқармасында атап өткендей, жол қозғалысын бақылаудың техникалық мүмкіндіктерін жетілдіру ең алдымен профилактикалық мақсатқа бағытталған. Жол ережесін бұзудың әрбірі жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін. Сондықтан автоматтандырылған жүйелердің міндеті тек заң бұзушылықты тіркеу емес, жүргізушілердің жол ережесін тұрақты сақтау дағдысын қалыптастыруға ықпал ету.

    Полиция жол қозғалысына қатысушыларды белгіленген жылдамдықты сақтауға, қауіпсіздік белдігін тағуға, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланбауға және жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң орындауға шақырады.
    Жолдағы заң мен тәртіп – барлық жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігінің негізі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары