2026 жылғы 7 қыркүйекте Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 1.2-тармағын орындау шеңберінде Тексеру комиссиясы ұжымының қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарының сақталуы туралы бейнеролик ұсынылды.

    2026 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 1.2-тармағын орындау шеңберінде, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясында Аппарат басшысы – Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі Е.Ж. Саусқанов ұжым қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын сақтау туралы бейнероликті таныстырды.

    ​Семинар-кеңеске Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

    ​Семинар-кеңес қорытындысы бойынша пікір алмасу өтті. Қатысушылар қойылған барлық сұрақтарға тоққанды жауап алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы" жаңалықтары