Жетісу облысында діни сауаттылықты арттыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    Жетісу облысында діни сауаттылықты арттыру бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

    31 тамыз – 4 қыркүйек аралығында Жетісу облысы Дін істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Тәлімгер» жастар қоғамдық бірлестігі мен облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мүшелері түрлі мақсатты топтар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шаралардың негізгі мақсаты – Қазақстандағы зайырлылық қағидаттары мен діни саладағы заңнама талаптарын түсіндіру, ислам дінін жамылған деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардың қоғамға төндіретін қауіп-қатері туралы ақпарат беру, сондай-ақ азаматтардың діни сауаттылығын арттыру.

    Кездесулер барысында қатысушыларға діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, деструктивті идеологиялардың ықпалына түспеудің жолдары, діни ақпаратты дұрыс әрі сенімді дереккөздерден алу мәселелері түсіндірілді.

    Сонымен қатар, мамандар азаматтардың көкейіндегі сауалдарға жауап беріп, діни мәселелер бойынша құқықтық және ақпараттық кеңестер берді.

    Осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының басты міндеті – қоғамда діни тұрақтылықты сақтау, азаматтардың діни сауаттылығын арттыру және қауіпсіз қоғамдық ортаны қалыптастыру.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы дін істері басқармасы" жаңалықтары