Қауіпсіз еңбек жағдайлары

    Қауіпсіз еңбек жағдайлары

    Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау — жұмыс берушінің негізгі міндеттерінің бірі. Жұмыс беруші қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге, жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі талаптарына оқытуға, нұсқама жүргізуге және білімін тексеруге, сондай-ақ қажетті жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті.

    Заңнамада көзделген жағдайларда жұмыскерлер медициналық тексеруден өтуі тиіс. Сонымен қатар жұмыс беруші өндірістік тәуекелдерді тұрақты бағалап, жабдықтардың жарамдылығын бақылауы қажет.

    Жұмыскер қауіпсіздік талаптарын сақтауға және өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлар, жабдықтың ақауы немесе басқа да қауіпті жағдайлар туралы басшысына дереу хабарлауға міндетті.

    Өндірістік жазатайым оқиға болған жағдайда жұмыс беруші ең алдымен зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсетуді ұйымдастырып, басқа жұмыскерлерге төнген қауіпті жоюға және заңнамада белгіленген шараларды қабылдауға тиіс.

    Өндірістік жарақаттанудың алдын алу тек нұсқаулықтардың болуымен шектелмеуі керек. Еңбек қауіпсіздігі күнделікті өндірістік процестің тұрақты бөлігі болуы қажет.

    Мемлекеттік еңбек инспекторы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізеді.

    https://www.instagram.com/reel/Db-R6U9u8Nw/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«Қостанай облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті»" жаңалықтары