
Бүгін аудан әкімі Ғалымжан Жарқынбек аудан прокуроры Бақытхан Бөлеулиевпен бірге Жаңақорған ауданында жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі – «Горнодобывающая компания Хонда» ЖШС-нің зерттеу және барлау жұмыстарының барысымен танысты.
Кездесу барысында өндірістік нысанда қауіпсіздік талаптарын сақтау, жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инвестициялық жобаны белгіленген мерзімде іске асыру, сондай-ақ өндірістік инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды.
Аталған инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы ауданның өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға және аудан экономикасының тұрақты дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.









