Жылу маусымында көмір отынының тапшылығын болдырмау мақсатында аудан әкімі Жарқынбек Ғалымжан көмір қоймасында болып, қазіргі жағдаймен танысты.
Аудан бойынша 2026 - 2027 жылдардағы жылу беру маусымына қажетті көмір тұтыну жоспары 10,5 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда көмір қоймасында 4 мың тонна көмір отыны жеткізілген.
Аудан көлемінде көмірді бөлшек саудада өткізуші «BEST» ЖШС оператор жұмыс жасайды. Көмір 1 тонна үшін 25400 теңгеден сатылуда.
Тұрғындарды көмірмен қамтамасыз ету мәселесі аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында.









