Атырау жастарын қолдауға басымдық берілуде

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Атырау жастарын қолдауға басымдық берілуде

    Бүгінде Атырау облысында 210 469 жас бар. Бұл өңір халқының шамамен үштен бірін құрайды. Қазір облыста жастар саясатын жүзеге асыру, жас буынның әлеуетін арттыру және олардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

    Өңірдегі жастардың 108 487-сі – ер азамат, 101 982-сі – әйел. Оның ішінде 125 028 адам қалада, 85 441-і ауылдық елді мекендерде тұрады. 14–18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар саны – 66 018. Ал экономикалық белсенді жастардың саны 144 467-ге жетеді.

    Жастармен жұмысты ұйымдастыру үшін облыста 8 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Оның біреуі облыстық, жетеуі аудандық деңгейде қызмет көрсетеді.

    Жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға да жаңа мүмкіндіктер жасалуда. Биыл Атырау қаласында «ATYRAU CREATIVE HUB» шығармашылық хабы жұмысын бастады. Мұнда білім беру аудиториялары, медиастудиялар және түрлі іс-шаралар өткізуге арналған залдар бар.

    Жастарды баспанамен қамту бағытында «Отбасы банкі» АҚ-мен бірлесіп «Атырау жастары» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2023–2026 жылдары бағдарлама аясында 272 жас маман баспаналы болды. Бағдарламаны қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 3 млрд теңге, ал «Отбасы банкі» тарапынан 1,5 млрд теңге қарастырылған.

    Биыл «Атырау қала жастары» бағдарламасын іске асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. Қазір бағдарлама бойынша конкурс жүріп жатыр.

    Ауыл жастарын қолдау бағытында да бірқатар мүмкіндік қарастырылған. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында биыл 30 маманға 296,3 млн теңге көлемінде бюджеттік несие беру жоспарланған. Сонымен қатар 179 маманға 77,4 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары