«ALGA RUN» аудандық марафоны өтті

    «ALGA RUN» аудандық марафоны өтті

    Спорт күніне орай Алға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «ALGA RUN» марафоны өтті.

    Шараның басты мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және халықтың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттыру.

    Жарысқа аудан тұрғындары мен жастар белсене қатысып, өзара шеберліктері мен төзімділіктерін сынады. Жеңіске деген жігер мен спортқа деген сүйіспеншілік тоғысқан бұқаралық шара жоғары деңгейде өтті.

    Спорт – денсаулық кепілі!

    Салауатты өмір салтын бірге қалыптастырайық!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алға ауданы әкімдігі" жаңалықтары