«ҚОШ КЕЛДІҢ, ДОСЫМ, ҚАРАША!» – КІТАПХАНА ТҮНІ

    1 / 3

    «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Алға аудандық орталық кітапханасында алғаш рет «Қош келдің, досым, қараша!» атты ерекше кітапхана түні ұйымдастырылды.

    Рухани кешке Алға ауданы әкімінің орынбасары Конгужин Болатбек Таңжарбайұлы қатысты.

    Кештің арнайы қонағы – Қызылорда қаласынан келген жас ақын Сандыбай Ерланұлы әдебиетсүйер қауыммен жүздесіп, шығармашылық әңгімесімен бөлісті.

    Сонымен қатар, жастардан құралған «Жас қаламгер» өнер тобы кештің көркін қыздырды. Өнерлі жастардың орындауындағы ескі әндер попурриі, лирикалық әндер, жанды дауыстағы әсем әуендер мен жүрекке жеткен өлең-жырлар кеш қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.


    Алдағы уақытта әр аптаның бейсенбі күні кітапханамызда 24/7 форматындағы «Кітапхана түні» өтетін болады!
    Кітап оқуға, рухани демалуға, өнер мен шығармашылыққа толы кештерге сіздерді де шақырамыз!
    Кітапхана есігі сіздер үшін әрдайым ашық! Келіңіздер, бірге болайық!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алға ауданы әкімдігі" жаңалықтары