Бүгін Алға аудандық мәслихаты депутаттарының сайлау науқаны аясында Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес отырыста Алға аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы мәселе қаралды.
Кандидаттарды ұсыну кезеңі 2026 жылғы 27 қазанда сағат 18:00-де аяқталды. Қазіргі уақытта сайлау науқанының келесі кезеңі – кандидаттарды тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Кандидаттарды тіркеу мерзімі 2026 жылғы 1 қарашада сағат 18:00-де аяқталады.
Отырыс барысында сайлау науқанының барысы мен сайлау рәсімдерін өткізу мерзімдерінің сақталуына қатысты мәселелер қаралды.
Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы өз құзыреті шегінде сайлау процесін ұйымдастыру және оның Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.








