Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою бойынша оқу-жаттығу өткізілді

    Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою бойынша оқу-жаттығу өткізілді

    2026 жылғы 7 тамызда Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хаты негізінде, Ақтөбе облысының әкімі бекіткен ұйымдастыру нұсқауына сәйкес, Әйтеке би станциясында күкірт қышқылын тасымалдаған жүк цистернасының теміржол жолынан шығып кетуіне байланысты туындаған техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуға Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) маманы қатысып, төтенше жағдайды жою бойынша белгіленген кіріспені орындады. Оқу-жаттығу барысында Басқарма маманы қауіпті жүктерді, оның ішінде күкірт қышқылын жөнелтуші, жүк алушы және тасымалдаушы тараптардың, сондай-ақ тиісті авариялық-құтқару құрылымдарының қатысуымен төтенше жағдайды жою кезінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуы бойынша жан-жақты түсіндірме берді. Сонымен қатар, төтенше жағдайды жою бойынша тиісті іс-шаралар орындалып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының мамандары зертханалық-аспаптық зерттеулер жүргізді. Бұдан бөлек, Басқарма маманы аудан аумағындағы шаруа қожалығында сібір жарасы тіркелген жағдайда жүргізілетін іс-шараларға бақылаушы ретінде қатысып, өткізілген іс-шаралар бойынша өз пікірін білдірді. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан «Жақсы» деген баға берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары