Бассейннің санитариялық қауіпсіздігі: негізгі талаптар

    Бассейннің санитариялық қауіпсіздігі: негізгі талаптар

    «Бассейннің санитариялық қауіпсіздігі: негізгі талаптар»

    Жаз мезгілінде бассейндер демалу және спортпен шұғылдану үшін тұрғындар арасында кеңінен танымал. Алайда бассейнге бару тек жағымды ғана емес, қауіпсіз болуы үшін санитариялық талаптарды қатаң сақтау қажет.

    Ең алдымен, бассейнде келушілердің қозғалысы дұрыс ұйымдастырылуы тиіс: киімауыстыратынбөлме— душбөлмесі— бассейн. Бассейнге кірер алдында міндетті түрде душ қабылдау қажет. Келушілер шомылуға арналған киім, ылғалға төзімді материалдан жасалған ауыстыратын аяқ киім, сүлгі және резеңке жүзу қалпағын пайдалануы тиіс.

    Негізгі талаптардың бірі — бассейндегі судың сапасын қамтамасыз ету. Су үнемі тазартылып, залалсыздандырылуы қажет. Ол үшін хлорлау, бромдау, озондау және ультракүлгін сәулемен залалсыздандыру сияқты әртүрлі әдістер қолданылады.

    Суды рециркуляциялық жүйемен алмастыру кезінде бассейнге үнемі таза ауызсу берілуі тиіс — бассейннің әрбір 8 сағат жұмыс істеуіне кемінде 10 пайыз мөлшерінде.

    Судың сапасы зертханалық зерттеулер жүргізу арқылы тұрақты түрде бақыланады. Зерттеу нәтижелері қанағаттанарлықсыз болған жағдайда бассейн әкімшілігі бассейн тостағанын шаю және залалсыздандыру жұмыстарын, үй-жайларды, жабдықтар мен мүкәммалды жалпы тазалау және залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге міндетті. Осы жұмыстардан кейін судың сапасына қайта зертханалық зерттеу жүргізіледі.

    Үй-жайлардың санитариялық жағдайына да ерекше көңіл бөлінеді. Күн сайын айналма жолдар, едендер, орындықтар, төсеніштер, есік тұтқалары, тұтқалар және басқа да мүкәммал тазаланып, залалсыздандырылады.

    Сонымен қатар бассейн әкімшілігі плиткалардың, еден жабындарының және жабдықтардың зақымдануын уақтылы жоюы қажет. Себебі мұндай ақаулар жарақаттар мен жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін.

    Бассейндегі санитариялық қауіпсіздік — ортақ жауапкершілік екенін ұмытпаңыздар. Әкімшілік нысанның тиісті санитариялық жағдайы мен судың сапасын қамтамасыз етуі тиіс, ал келушілер жеке бас гигиенасы ережелерін сақтауы қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары