ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    Бүгін Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Айдос Тоғызбаевтың қатысуымен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бекарыс Шойбеков қала тұрғындарымен кездесті.
    Кездесу барысында депутат атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамалар мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді.
    Жиында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Қала әкімінің орынбасары Айдос Тоғызбаев пен депутат Бекарыс Шойбеков тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, көтерілген мәселелердің заңнама аясында қаралатынын және оларды шешу бойынша тиісті мекемелермен бірлесіп жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.
    Сонымен қатар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаларды қаржыландыру, бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы депутаттық корпустың басты назарында екені атап өтілді.
    Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, халықпен мұндай кездесулер алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатыны айтылды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары