«СЫР ДИДАРЫ» БӨБЕКЖАЙЫНДА ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

    Департаменттің бас маманы– мемлекеттік еңбек инспекторы А.Қалмағанбетов «Сыр Дидары» бөбекжай-бақшасында еңбек заңнамасының сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді.

    Тексеру барысында еңбек қатынастары, оның ішінде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне деректерді енгізу қағидаларының сақталуы, жұмыскерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының болуы, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша жұмыскерлерді оқыту талаптарының орындалуы қаралды.

    Сонымен қатар, ұжыммен кездесу өткізіліп, еңбек заңнамасы мен еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті" жаңалықтары