1 / 3
Департаменттің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімініңмаманы А. Рахатов «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Қызылорда филиалының басшысы А. Имановпен бірлесіп, кәсіпорындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында жұмыскерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша заңнама талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар міндетті сақтандырудың зардап шеккен жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғаудағы маңызы атап өтілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









