Ақмола облысында балаларды сауықтыру-білім беру орталықтарына лицензиялау алдындағы бақылау жүргізілді

    Ақмола облысында балаларды сауықтыру-білім беру орталықтарына лицензиялау алдындағы бақылау жүргізілді

    Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаентінің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы М.Абильмаженов, бас мамандары Е.Жантаев, К.Кожахметов 2026 жылғы 29-31 шілде аралығында Ерейментау ауданында орналасқан «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерейментау қаласының «Балалар жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК-нің «Жұлдыз» балаларды сауықтыру-демалыс орталығына және Бурабай ауданында орналасқан «Балдырған-2014» ЖШС-нің «Лесная сказка» балаларды сауықтыру-демалыс орталығына білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру мақсатында лицензиялау алдындағы бақылау жүргізілді. Бақылау барысында білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі зерделеніп, материалдық-техникалық база, кадрлық қамтамасыз ету, оқу-әдістемелік құжаттаманың болуы және санитариялық-эпидемиологиялық, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тексерілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары